АНАМА (3-ШІ ӨЛЕҢ)

АНАМА (3-ШІ ӨЛЕҢ)
жеке
блог

Еңсесін тіктеп ержетті бүгін,

Таянып бесік тербеткен балаң.

Өзіңнен артық білмеппін бұрын,

Қымбатты жоғын жер – көкте маған.

 

Шашыңның ағы – шашылған ғұмыр,

Куәсі болған өткен күндердің.

Көзіңнен сенің жасырған сырын,

Көремін, мама, көктемнің нұрын.

 

Өлеңді сүйген еркелеу ұлың,

Тербетті әнмен туған даласын.

Қамшының сабы келтелеу ғұмыр,

Қызықты болмақ сіз барда, анашым.

 

Күлкіңде жаздың шуағы керім,

Күрсіністерің тым ауыр, неге?

Өткенін көріп мына күндердің,

Ұлыңды ойлап жыладым деме.

 

Бәрі де жақсы, уайымдамашы,

(Алқасын мұңның тағынып көп күн).

...Түсімде көрдім, жаным, мамашым,

Мен сені қатты сағынып кеттім...

Мама...

06.05.2012 жыл