Аналарға құрметпен

Көк желекті көктеммен бірге көңілге қуаныш сыйлай келетін аяулы аналарымыздың, әпкелеріміздің төл мерекесі – 8 наурыз мейрамын бәріміз де асыға күтеміз. Аналар – тіршіліктің тірегі. Дүниені түлетіп, тіршілікті өрбітіп жатқан аналарға қандай құрмет көрсетсек те артық емес. Елбасымыз 8-наурызда бір топ ардақты аналарды қабылдағанда сөйлеген сөзінде: «Аналарға тағзым ету күнін» беру керектігін айрықша атап көрсеткен болатын. Мұның өзі аналарға көрсеткен зор құрмет екені анық. Индер ауданының белсенді ерікті жастарының ұйымдастыруымен де "Аналарға құрметпен" акциясы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Акция аясында орталық базардағы аналарымызға көмектесіп, қолғабыс еттік. Мереке қарсаңында түнімен нұр (қар) жауған болатын. Ерікті жастар алдымен қарды күреп, жол ашып, ауыр сөмкелерін көтерісіп, апа-әжелерімізге гүл шоқтарын табыс етті, аналарымыздың алғысына бөленді..! 


Жадыра Нариманова 
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Филология: қазақ тілі» мамандығының IV курс студенті



Бөлісу: