Дәлелдеп ынтымақты берекесін,
Халқымыз тойлап жатқан мерекесін,
Мерекең құтты болсын аналарым,
Өсірген ұрпақтарын өз-еркесін.
Арнаған ұрпағына бар жиғанды,
Ана сен қымбаттысың ай-дидарлы.
бір тал дәнін таудайғып өсірем деп,
Түн ұйқысын төрт бөліп сан қиналды.
Өссе екен деп,таудай боп ұл-қыздарым,
Қарылғаштай дамылсыз шырылдадың.
Текті атаның ұлымын,ұрпағымын,
Ұмытуға қақым жоқ мұның бәрін.
Аямастан күн түні шыбын жанын,
Татқызып ақ сүтінің уыз дәмін.
Сен сіңдірген ойыма білім нәрін,
Ана саған арнаған жырым жалын.
Есіне алып кешегі бір шақтарын,
Бақытым деп білетін ұрпақтарын.
Абайдай алыптарды оқығанда,
Кесек сөзді келмейді ұнтақтағым.
Анықтап жақынамен алыстарын,
Көресің тай-құлынның жарысқанын.
Анашым сенің ыстық мейіріңмен,
Мен бүгін жыр қаламын тағы ұштадым.
Өртеніп өзегімде өрт намыстарым,
Мен бүгін жыр қаламын тағы ұштадым.
"Аналар мың жасасын ғасырлармен"
Деп бүгін жар салады арыстаның.
Бақыткелді Думан : Барша аналар үшін ақ тілекпен,шын жүректен....