Аяулы атың, ана атың жүрегімде сақталар,
Қамқор болған әрбір сәтің көп ұзамай ақталар.
Балғын сәби кездерім де артта қалар
қайырылмай,
Ашылғанда қарсы алдымнан сан сұраулы
қақпалар.
Қасиетті ана атыңды бәрі-бәрі жырлаған,
Жер бетінде сенсіз ұрпақ сән-салтанат
құрмаған.
Егер өзім Әуезовтей бола қалсам жазушы,
Жазар едім сен туралы құдіретті бір роман.