Күні кеше, яғни қыркүйек айының 27-ші жұлдызында «Анаға апарар жол» фильмінің тұсаукесері өтті. Аталмыш фильмнің бас продюсepi – Алия Назарбаева, режиссері – бәрімізге танымал Ақан Сатаев. Ал, сценарийін бұған дейін де Сатаевпен бірнеше картинада бірге жұмыс істеген Тимур Жақсылықов жазған. Тарихи драманың түсірілім жұмыстары Қазақстан, Беларусь және Әзірбайжан жерлерінде жүргізіліпті.
Фильмде басты рөлді сомдаған Әділ Ахметов актерлік талантын тағы бір дәлелдесе, Аружан Джазильбекова да өзін келесі бір қырынан көрсете алды. Ал, Алтынай Нөгербектің шеберлігінде, тіпті, сөз жоқ. Осылар сынды талапшыл ұжым мен тәжірибелі актерлар бірігіп жасаған жұмыстың нәтижесі нашар, дәрежесі төмен болуы мүмкін емес.
Фильм әп сәтте-ақ көрермен жүрегіне жол тапты. Жастайынан әкесінен айырылып, анасынан көз жазған Ілиястың бақытты балалық шақпен тым ерте қоштасып басынан өткерген қиындықтарын көре аласыз. Шалғайда жүрген баласын анасының дұға-тілектері мен әкесінің әруағы қолдап-қорғап жүргені анық. Тек ана мен бала арасындағы ұлы сезіммен шектеліп қана қоймай, сонымен қатар, қазақ халқының сол қиын-қыстау кезеңдері (ұжымдастыру, ашаршылық, соғыс жылдары) басты кейіпкерлердің тұрмыс-тіршілігі арқылы беріліп отырады. Қатал тағдырға мойымай, тасты жарып шыққан гүлдей қиындықтармен күресе білген жігіт анасымен қауышу бақытына 30 жылдан соң ие болады.
Өте әсерлі кинокартина қай көрерменнің болсын көзіне жас, көкірегіне сезім сыйлай алғаны хақ. "Енді не болар екен?" деп, тұңғиық ойға батып отқанда "Happy End"-пен аяқталған сәтті көргендегі сезімнің өзі бір бөлек әңгіме.
Осы фильм Отандық киноиндустрияның күннен-күнге шарықтап даму үстінде екендігіне айқын дәлел. Қаншама ұйқысыз өткен түндер мен төгілген тердің нәтижесі екені көрініп-ақ тұр. Артқан сенім ақталды, енді еңбек те еленер деген ойдамын. Егер «тым жоғары бағалау» немесе «асыра сілтеу» десеңіз, 29-қыркүйектен бастап еліміздің кез келген кинотеатрынан өзіңіз тамашалап, турасына