Ана тілінің тұғыры биік болуын қалаймыз.
блог
Қызылорда облысына қарасты Қармақшы деген ауданы бар. Бұл ауданда да Елбасының сындарлы саясатына жасалып жатқан қолдау бар. Аудандық білім бөлімі 2012-2013 оқу жылында "Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы" бойынша көптеген тағылымы мол іс-шаралар жүргізіліп келеді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан-2050" стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаң саяси бағыты" атты Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанның болашағы қазақ тілінде. Үш тілділікті мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек деп айқын айтылды. Осы мақсатта барлық білім саласында тіл саясатын дамыту мақсатында жұмыстар ауданымызда жақсы қалыпта тұрақты қалыптасқан.
2012-2013 оқу жылында "Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекттік бағдарламасы", "Тілдердің үш тұғырлығы" мәдени жобасын іске асыру барысында жұмыс жүргізілуде. Мектептерде жоспарға сай апталықтар, дөңгелек үстелдер, пікірталастар, үйірмелер, жас ақындар мүшәйралары, кештер оның ішінде "Шешендік өнер", "Абайтану", "Сөз өнері", "Грамматика" үйірмелерінің жұмыстары, "Абай мен Шәкәрім оқулары", 1001 мақал, 101 жұмбақ" байқаулары, сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырылып, аудандық, облыстық, республикалық, баспа беттерінде жариялануда.
Мектептерде статистикалық есеп, қаржы және техникалық құжаттар мен келіс-шарттар мемлекттік тілде жүргізілді. Электрондық форматта мектеп қызметкерлері оқу-тәрбие жұмыстарына қатысты іс-қағаздарын жүгізуде мемлекеттік тілде жазылады. Барлық білім мекемелерде сыртқы жарнамалар мәтінінің тіл заңдылығына сәйкес жазылып, орналасуы әрдайым қадағаланып тұрады. Жалпы орта білім беретін мектептерде қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінің берілуі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 25 қазандағы №834 бұйрығымен бекітілген. "Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдарды ұйымдастыру, ұстау және оқыту жағдайларының санитарлық-эпидемиологиялық талаптары жайлы" Санитарлық ережесіне сәйкес пән мұғалімдері сабақ кестесі реттілігі қамтамасыз етіліп, орыс тілді №250 мектеп-лицейі мен №108 аралас мектебінің орыс сыныптарында қазақ тілінің сапалы оқытылуы мектеп әкімшілік тарапынан бақылауға алынған.
Ауданымыздағы барлық білім мекемелерінде "Қазақ тілі" қоғамының бастауыш ұйымдары құрылып, тіліміздің мәртебесін көтеруге, ата-бабамыздан қалған дәстүр-салтымызды сақтауға, құрметтеуге үлкен тағылымы зор жұмыстар атқарылуда. Біздің еліміздің тарихы тым әріде жатыр. Кей уақытта да тілдің қоланатын ортасы- өмір, қорғаны-қоғам. Тіл-байлық, ол ұлттығымыздың белгісі.
Аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің қызметкерлері аудан көлеміндегі мектептердің барлығына айына екі рет арнайы меслекеттік тілді қолдану барысын анықтау мақсатында рейттік жұмыстар жүргізіп жүр. Біз мемлекеттік тіліміздің өркендеп, гүлденгенін, дамығанын қалаймыз және оны жүзеге асыруға барынша еңбек етуді педагогтық әрі азаматтық парыз деп санаймыз.
Тәжігүл Әбенова
аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскері