Ана тілінің мемлекеттік тіл болмай жатканына кім кінәлі?
Ана тілін білу – әр азаматтың борышы болып табылады. Егер адам өз ойын тиянақты да мазмұнды, тыңдаушының көңілінен шығатындай етіп сөйлесе, қазақ тілінің құдреті сонда ғана сезілері сөзсіз. Алайда мұндай шеберлік тек тіл мәдениеті жоғары адамдардың қолынан келсе керек. Өкінішке қарай, қазіргі таңда тіл мәдениеті жоғары адамды көріп отырғанымыз жоқ. Себебі көшелердегі жарнамалар, адам демалатын мекеме аттары орысша немесе орысша баламасына ұқсас болып шетел тілінде жазылады. Бүгінгі таңда адам демалатын орындар көптеп кездеседі, солардың ішіндегі Ақтау қаласындағы бәрімізге белгілі: Stigl, Renaissance, Grand Nur Plaza, Golden palace, Arabica, Фараон т.б. енді осы атаулардың қандай үғым , мән-мағына беретініне тоқтала кетсек, Stigl сөзі шешен тілінен аударғанда «АСПАН» деген мағынаны береді. Ал Renaissance сөзі ағылшын тілінен аударғанда «ғылым, мәдениет» деген ұғымдарды береді екен. Көріп тұрғандарырыңыздай кереметтей атаулары бар, тамаша мағыналарды беретін мекемелер. Қазақта не көп? Әдемі-әдемі сөз көп емес пе?! Неге сол әдемі сөздерді, өзіміздің мекемелеріміздің атына қоймасқа?!
Енді дәл сол Ақтау қаласындағы көшеде ілініп тұрған жарнамаларға назар аударайықшы, бұрында 9 ш/а –ның ұзын жолындағы жарнамалар ілінетін жерлерінде:
деп тұрған болатын. Бұл жарнаманы ұсынған адам не бергісі келді? Ойын жинақтап, толықтырып ұсынса, өтімді жарнамалардың бірі болар еді. Қазіргі уақытта бұл жарнама өз орнында жоқ, оның орнында басқа бір жарнама ілініп тұр. Иә, айта берсек көп қой, дегенмен осындай кемшіліктерімізді дер кезінде жөндеп отырғанымыз дұрыс болар еді.
Үлкен аға-апаларымыз қазақ тілінің дамымай жатқанына кедергі жастар, себебі олар кітап оқымайды, ешқандай ұмтылыстары жоқ деп ренжіп жатады. Жоқ! Сондай құштарлық, ұмтылыс болмаса, мен мына ойымды жазбас едім. Мен де сондай ынта болмаса, бүгінгі өзекті тақырыптардың бірі «тіл» тақырыбын қозғамас едім. Бұл тақырыпты қозғауға себеп болған Х фольклорлық «Інжу – маржан» балалар шығармашылық байқауы. Байқауда балалар әр түрлі номинация бойынша бақ сынасты. Солардың ішінде конферансье номинациясы, ережесі бойынша балалар бір-бірімен поэзия оқып жарысу керек болды. Сонда айтайын дегенім, байқауға түсу үшін іріктеу кезеңі болды. Іріктеуге келген үміткерлер шет-шетінен дарынды, өзіндік ерекшеліктері бар балалар. Бірақ жарыстың аты - жарыс іріктеуге келген 218 үміткердің 153 ғана өтті. Осыдан шығарған қорытындым, қазақ әдебиетімізді оқитын балалар, бүгінгі күнде де бар екеніне көзім жетті. Енді олар айтарлықтай керемет болмасада, ынталары мықты. Осындай жастарымыз көбейсе екен, тіл мәдениетімізді жоғары деңгейде дамытсақ деймін. Сондықтан да аға-апаларымыз қателеседі. Мен осы сөзімді растау үшін, өзім білім алып жатқан мектебіме « Қазақ тілінің толық мемлекеттік тіл болмай жатқанына кім кінәлі?» деген сауалнама жүргізген болатынмын, сауалнама өте жоғары деңгейде өтті. Ол 15-60 жас аралықтарында өтті. Жастар өте белсене қатысты. Сол сауалнаманың қорытындысы бойынша КСРО деп есептейтіндер саны 2,2%, шала қазақтар деп санайтындары 18,1% , 10% жастар деп есептейді. Ал 57,7% еліктегіштік деп есептейді, сондай-ақ 20 жыл ішінде қазақ тілінің мемлекеттік тіл болмай өрге шықпағанына қазақша сөйлейтін қазақтар деп есептейтіндер саны 0,22% екен. Өздеріңіз көріп отырғандай еліктегіштік деп санайтындар саны басқаларға қарағанда басымырақ. Сол варианттың көбін жастар жағы белгілеген. Не себепті олар өйтіп ойлайды? Неге? деген сұрақтар туады. Бұл сұрақтың жауабы мынадай: себебі олар бір –біріне қазіргі заман талабына сай еліктейді. Мысалы: екі жас бала сөйлесіп тұрып, біреуі орысша,жаргон сөздерді қосып сөйлесе, екіншісі білмесе де міндетті түрде тілін сындырып орысша,жаргон сөздермен сөйлейді. Қалыспау керек қой! Бұл біздің ой – санамыздың жеткілікті деңгейде дамымағанын, өзіміздің жеке ойымыздың жоқтығын көрсетеді.
Олай болса, оқырмандарға айтарым, мазмұнды сөйлеп, мағыналы сөз айтуға, ойлы сөзден ұлағат алуға мақсат еткен лазым, дегім келеді.