Ана тіліміздің мәртебесін кім көтереді?..

Қазақ тілі-ата-бабамыздан мұраға қалған құндылықты-рухани дүние.Бұл дүниені біз қалай сақтап ,қорғап,қолданып жатырмыз деген ой туады қазіргі таңда.Мемлекеттік тілді немесе өзіміздің ана тілімізді қалай құрметтеп,қандай дәрежеге жеткізіп жатырмыз? Қазақтың қазақ бола тұра тілінің сақауланып бара жатқанын көргенде көзімізге ыстық жас кептелмесе де, жүрегіміз қан жылайды. Көпке топырақ шашу бос әурешілік екені рас,себебі қазақ тілін анасындай сүйетін,қазақ тілін ана тіліндей бағалайтын,қазақ тілін ғажап тіл ретінде көретін,жүрегі қазақ деп соғатын нағыз қазақстандықтар арамызда өте көп.Алайда,қазақ бола тұра қазақша бір сөз білмейтін отандастарымызды көргенде жаның ашиды,себебі олардың ана сүтімен дарыған тілі-орыс тілі,бала болып былдырлаған тілі-орыс тілі,мектепте оқыған тілі-орыс тілі.Бұл жағдаятқа кімді кінәлай аламыз,ата-ананы ма?Әлде мына ұйықтап жатқан қоғамды ма?Сонау жиырмасыншы ғасырда «Оян,қазақ!» деп жырлаған Сұлтанмахмұт, «сары маса» болып ызыңдап,халқын оятпақ болған Ахмет сияқты ұлт жанашырларының  жиырма бірінші ғасырда азайып кеткені  тіліміздің тағдырының әлі күнге дейін толыққанды шешілмеуіне себеп болар, бәлкім.

Қазаққа тіл үйрену қиынға соқпайды,қазақтан басқа ешбір ел шет елдің тілін тез үйреніп,оны акцентсіз айта алмайды десем қателеспеймін.Қазіргі таңда «үш тұғырлы тіл» бағдарламасы аясында ағылшынша үйрену кез-келген жастың басты мақсатына айналғаны айтпаса да түсінікті жағдай.Ана тіліміз-дана тілімізде шұбарламай таза сөйлейтін өзге ұлт өкілдерін көргенде жанымыз жадырап,көңіліміз көншиді.Кейбір адамдар өзге ұлт өкілдерінің қазақша сөйлегеніне таңданбай,керісінше оны оларға қазақ тілін білу міндетті деген көзқараста қарайды,бірақ қазақ бола тұра қазақтармен орысша сөйлескендерді көргенде неге үнсіз қалады?Бұл сауалдардың шешімін таппай әлек болғанша,ана тілімізді дамытатын негізгі істерді топтағаным дұрысырақ секілді.Мемлекеттік тілді қалай дамытамыз:

Бәрі өзімізден басталады.Достарымызғы,айналамыздағы адамдарға қазақ тілін қолымыздан келгенше үйрету Ана тілімізге байланысты форумдар,конференциялар,мәдени шаралар ұйымдастыру Шет елдің кітаптарын,фильмдерін қазақша аудару және телеарналарда қазақша хабарларды,бағдарламаларды,шоуларды көбейту,жарнамалық бейнерольиктер жасау және қазақшаландыру Алдымыздан  «мені көрдің бе?» деп тұратын көше аттарын,жарнамаларды,сауда орындары мен дүкендерді қазақшалап,орысша аталып кеткен жер атауларына қазақша атау беру Бәрі отбасынан басталады,отбасыдағы тіл-ортадағы тілдің тірегі Тіл үйрену курстарында  қазақша үйренуге тиімді түрде  жағдайлар жасау «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» қағидасын қалыптастыру Қызмет көрсететін орындарда халыққа мейлінше қазақша қызметтер көрсету Тіліміздің тағдырына алаңдасақ бүгіннен ана тілімізді түзеп,ана тілімізбен мақтаныш сезімімен тілдесейік.

Жоғарыда айтқандарым тілімізді дамытудың бір бөлігі ғана.Қалған бөлікті қалың бұқара,сіздер қалыптастыра аласыздар.Ана тілін үйрену үшін ең басты шарт-ана тілге деген көзқарастың дұрыстығы.

Өз басым қазақ тіліммен-ана тіліммен мақтанамын!Қазақ тіліндей бай тіл,қазақ тіліндей орамды тіл әлемде жоқ.Менің анамның тілі,бабамның тілі,даламның тілі-қазақ тілі мақтанышымыз,мәртебеміз.Бір оқиға еске түсіп кетті,бір қыз қазақ журналистикасына тапсырып жатыр,құжатын толтыру керек болды,ана тілі дегенге не жазуды білмей қабылдау коммисиясынан сұрады.Олар жаңағы қызға ана тілінің не екенін білмегеніне бастарын шайқап,ол сенің қазақ тілің дегені бар.Мінекей,ана тілдің мәртебесін түсірмеу болашақ жастардың қолында екені  осыны аңғартатыны айқын.Қазақ тілінің болашағын біз ойламасақ,кім ойлайды?!Кім ойлайды?!



Бөлісу: