Ана тілім-бабамнан қалған мол мұра

Ана тілім-бабамнан қалған мол мұра
жеке
блог

Барша қазақ баласының алаңдаулы мәселесі де осы болды қазір, тіл тағдыры жиі мазалайды біздерді. Неліктен осы тақырып қазір айта-айта жауыр болып, соңғы кезде тіпті мұны айтудан да қалдық. Тәуелсіздік алғалы да міне аттай 21 жыл сырғып өтті, іргемізге 2013 жылда кіруге жақындады, неліктен әлі ана тілінің жағдайы бір ізге келмеді? Неге жетімсіреген күйі әлі жылап тұр тіліміз? Неліктен қалың көпшіліктің тіліне айнала алмай келе жатыр? Осы қойылған сан-салалы сұрақтар арқылы сіздердің де ойларыңызды білейін дегенім еді құрметті бауырлар. Тіл тағдыры қатты мазалағандықтан сіздермен пікір алмасуды жөн деп таптым.