Ана тілім – ардағым

Ана тілім – ардағым !
Әр ұлттың өзіне тән құндылықтары , дәстүр-салты, діні мен тілі бар. Қазақ тілі- ата-бабамыз ертеден қалыптастырған ,тарихымыздың көрінісі , халқымыздың өткені , бүгінгісі мен болашағы. Болашағымыздың жарқын болуы тіліміздің асқақтығына байланысты десек ,ресми тіл, бірақ,бөгде ұлттың тілі орыс тілінде сөйлеуімізге не себеп , бұдан кейін әдеби тіл нормасы қаншалықты сақталады ?


Бірінші, тарихқа үңіліп қарасақ , қазақ ұлтының басынан өткен алпауыт соғыстар мен сан қилы көтерілістер қазақ тілінің дамуына кедергі болды. Бірақ,бұл біздің орыс тілінде сөйлеуімізге себеп бола алмайды. Екіншіден, қазақ елі көп ұлтты бауырмал халық екенін ескерсек , өзге тілдердің елімізде орын алуына еріксіз көнеміз . Үшіншіден ,шеттен тыс қонақжайлылығымыз тағы бір үлкен себеп болады . Өзге ұлт өкілінің қазақша сөзді бұрмалап , әрең сөйлеп тұратынын жиі көреміз . Оларды көріп біздің ана тілімізде сөйлеп тұр деп мақтанудың қажеті жоқ . Қазақстанда өмір сүріп жатқан қандай ұлт өкілі болмасын қазақша еркін сөйлей білуі парыз . Себебі ,бұл біздің ел, біздің ана тіл !


Қорытындылай келе , “Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте ” демекші ,ең басты құндылығымыз ана тілімізді бағалап , әдеби тіл нормасын сақтайық !



Бөлісу: