Ана тілі

Ана тілі
жеке
блог

Ана тілі

 

Мақтауға ерек тұрарлық,

Тамыры терең тілім бар.

Түсінбей жатар бірақ жұрт

Қадірін, халқым, ұғыңдар.

 

Талайды бастан өткеріп,

Бүгінге жеткен халі бар.

Осынау күнге жеткен нық

Қазақтың дағы бағы бар.

 

Сан ғасыр бойы сақталып,

Бұл тілде қалған мұра бар.

Тарихқа қызмет атқарып,

Мақтау да алар, сыналар.

 

Ашығын айтсам ашылып,

Тілімде қазір мұң да бар.

Сөзіміз жүрсе шашылып,

Тіліміз қалай шыңдалар?

 

Тіліңе тұрған сән беріп

Жалынды өлең, жырың бар.

Өзге тілге де мән беріп,

Оқыңдар, көңіл бұрыңдар.

 

Алайда теріс түсініп,

Адасып жүрген жайың бар.

Беделін тілдің түсіріп

Сөйлеуді мүлдем қойыңдар.

 

Сөздің де өздік киесі,

Сөйлеуге лайық, сайы бар.

Бұзылса бастан жүйесі

Қатемен жұртқа жайылар.

 

Ана тілімдің тағдыры

Мәселе емес жай ұғар.

Тілімнің терең жан мұңы

Сөйлесек таза айығар.

 

***

Тілдердің өзге біріне

Сыйлысып құшақ ашыңыз.

Алайда, қазақ тіліне

Июлі болсын басыңыз!