Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Әрбір адам өз тілінде, анасының ақ сүтімен дарыған туған тілінде сөйлеуі тиіс. Сонау замандағы ата-бабаларымыздың өздері де қазақ тілінің жойылуына аз қалған шақта жан аямай күресіп, қолдарынан келгенше тырысып,бізге, келешек ұрпаққа қазақ тілін аманат етіп қалдырды. Осы тілімізді біз ары қарай дамытып, жетілдіріп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуіміз керек. Үйткені, қазақ тілі – ұлттық, мәдени, рухани асыл мұра. "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте,"-деп аталарымыз бекер жырламаған екен. Біз қазіргі таңда тәуелсіз, еңсесі биік мемлекетпіз. Осы мемлекетіміздің әрбір азаматы өз тілінде сөйлеп, оны құрметтеуі, жетік меңгеруі – міндет. Бірақ, қазіргі кезде адамдардың барлығы да туған тілінде сөйлей бермейді. Өз ана тілін біліп жүріп өзге бір жат елдің тілінде сөйлеп жүргендер де аз емес. Осы кезде: «Неге осылар қаншама қиыншылықпен мұраға қалдырылған тілімізде сөйлемейді?»-деп налисың. Дүние жүзі бойынша алты мың сегіз жүз тіл болса, солардың ішінде сөз байлығы жағынан қазақ тілі үшінші орынды иемденіп отыр.