Ана тіл
блог
Қасиетті Ана тілім,
Қазақ тілім, тарықпа!
Ұлы Абай, Шәкәрімнің
«Қызыл тілі» шарықта!
Өткір найза ұшыменен
Теңдес болған «Алып тіл»!
Талай ұрыс, дау-дамайда,
Әділ болған «Шешен тіл»!
Қобыз бенен домбыраға
Баяндатып тарихты,
Біржан-сал мен Әміреге
Ән салдырған «Сазды тіл»!
Ел басына күн туғанда
Ар-намысын оятып,
Ұлдарына жорықтарда
Ұран болған «Ұлы тіл»!
Кең даламдай жүрегі бар,
Жүз түрлі ұлтты сыйғызған!
Осындай дана, бай тілі бар,
Қазағымдай халықты
Еш жаhаннан таба алман!
Мақтанышым – тілім еркін,
Тәуелсіз ел, жерім бекім!
Бақыт бар ма одан асқан,
Айтыңдаршы біз үшін!