Ана сенсің менің - ШЫН ҒАШЫҒЫМ!

Ауыл. Адамның гуілі мен малдың шуылынан босаңсып, ұйқыға кетіп бара жатқан ауыл іші. Барша жұрт тынышталсада мына бір үйдің жарығы әлі сөнбеген еді. Сағат түнгі 11 шамасы.

-Ана,-деді 11 жасар бала суретке қарап отырып, -ана мынау сенің жас кезің бе? 

-Қане, әкелші көрейін? -Әәә, иә, жас кезіміз ғой деді күрсініп. 

         Бала суретті кезектестіріп қарай берді. Лүпіл қаққан жас жүрек бұл өмірдің қастандығынан да, қараңғылығынан да бейхабар еді. Оның бар білері жанында жүрген аяулы анасы. Ол анасын сүйеді, ол үшін бар әлемде, бар дүниеде тек анасы. Бала күнделікті сабағын 5-пен оқып анасын қуантқанына өзі де мәз. Әзірге қолынан келері сол. Анасының нендей күйде жүргенін әлі түсіне қоймады. Сұрағысы келсе де одан әрі жылатқысы келмейді. Тек үнсіз отыр. Болмады, шыдай алмады, оныңда жас жүрегі алқынып барады. 

-Ана неге үнемі олай, неге? Неге осыншалық күрсіну сенің кеудеңе ұялап алған? Айтшы. Неге жылайсың? Сенің мөлдір көздерің үнемі мұң шағады. Жанарыңды жадырату менің қолымнан келмейме?,-деді ашуланған болып. 

-Балам сенің әкең...сенің әкең қаза таппаған, саған айтқанымның барлығы өтірік.Мені кешіргейсің...Сенің әкең бар болғаны басқа отбасыны таңдады. Ол үшін сол отбасы маңыздырақ болған екен. Бүгін біздің бақытқа қол жеткізіп, отбасылық өмірге қадам басқан күніміз еді. Болашаққа қанатымызды кеңге жайып ұшамыз деп ойладық. Бірақ болмады, болмады. Біз жәй ғана әдемі түске боялған суға сүңгіп шыққандаймыз. Алайда мен сол судан бір тамшыны ұстап қалдым. Ол тамшы - СЕНСІҢ!Ал әкең сенің керемет жігіт болып өсіп келе жатқаныңды көргісі келмейді. Сол үшін қиналам,-деді де баласын құшағына алды.

-Анашым менің, жаным анашым. Олай деме. Мен үшін маңызды, мен үшін қымбат, мен үшін барым да, жоғым да - сенсің ғой. Мейлі ол көргісі келмесе солай-ақ болсын. Менде оны көрмеймін. Маған ол қажетте емес, мен оны танымаймын да, танығым да келмейді. Бізді керек қылмаған адам бізгеде керегі шамалы. Ана,тыңдашы, олай егіліп жылай берме. Сені жақсы көрем ана, сені тек сені жақсы көрем! Себебі сенсің ана, менің - ШЫН ҒАШЫҒЫМ! 



Бөлісу: