Ана - өмір мәні.

Ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Жанұядағы қадірлі жанның бірі – ана. Ана - өмірге ұрпақ әкелуші, отбасының маздаған оты, баланың тәрбиешісі, ақылшысы, қамқоршысы. Ана – барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана – ұлы адам, ана – құдыретті жан. Мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз де бас иеміз.

«Әйел, бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деген дана халқымыз. Қандай нақтылы айтқан ой десеңші. Шындығында, анасыз мына әлемді елестету мүмкін емес. Біздің бойымызға ең жақсы қасиеттер алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдидеп жұбатады. Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ана, осы сөз адам жүрегінің түбін жарып шығып, керемет аялы сезімге жетелері хақ. Өмірге шыр етіп келгеннен бастап, өзің үшін жаралған жандар ол – ата – анаң.

Өміріңнің сәнін де, әрін де келтіретін, жаманыңды жасырып, жақсылығыңды асыратын да – ата-анаң. Ана – деген сөз өмірдегі ең асыл, ең қасиетті де қастерлі сөз. Қастерлі сөздерді есте сақтап, аналарымызды құрметтейік достар, солай ма?



Бөлісу: