Ана мен баланың денсаулығын қорңайтын республикалық ғылыми-зерттейтін орталық

Ана мен баланы қолдау қай кезде де мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болған.Мемлекеттің болашағы, ұлттық қауіпсіздігі мен бақуаттылығы ондағы халықтың денсаулығы мен әлеуметтік жағдайына байланысты.  Ал дені сау ұрпақты өмірге денсаулығы мықты аналар ғана әкеле алады. Бұған қоса, сәбиді отбасынан бастап бала бақшада, одан кейін мектеп қабырғасында тәрбиелеп, оқытып-тоқыту ісінде де әйел азаматтар айрықша маңызға ие. Мұны терең түсінген Қазақстан басшылығы ана мен баланы қолдауды жыл сайын жақсартып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнайтын дәстүрлі Жолдауларында да әлеуметтік саланы дамытуды, ана мен баланы қолдауды ұмыт қалдырған емес.Бұған ең алдымен, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар мөлшерінің жыл сайын ұлғайып жатқаны дәлел.

Ана мен баланың денсаулығын қорңайтын республикалық ғылыми-зерттейтін орталық – Қазақстандағы аналар мен балалар денсаулығын жақсарту бағытындағы дәрігерлік, ғылыми және педагогикалық бас мекеме. Қазақ педиатрия ғылыми-зерттеу институтының акушерлік-гинекология бөлімі негізінде Алматы қаласында құрылған (1975). Орталықтың ғылыми жұмыстарының бағыты – еліміздегі әйелдердің денсаулығын сақтау, екіқабат әйелдердің өте қауіпті тобындағыларды дер кезінде емдеу, оның тәсілдері мен стратегиясын, аналардың және іштегі нәрестенің сырқаты мен шетінеуін азайту, нәрестенің мезгілінен бұрын туу себептерін, туысынан болған ауытқулардың таралу аймағы мен генетик. байланысын зерттеу, бедеу әйелдерді емдеу. Орталық материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген. Жаңа диагностикалық және емдеу аппараттарымен, құрал-саймандарымен, төсек-орынмен жабдықталған, сондай-ақ білікті мамандармен толықтырылған. Орталықта 17 ғыл. және емдеу бөлімдері (акушерлік, гинекология,екіқабат әйел патологиясырепродукцияперинатологиямедициналық генетика, ғылыми-медициналық консультация, т.б.) бар. Оларда 93 ғыл. қызметкер қызмет атқарады (1998).

Орталық жанында «Акушерлік және гинекология» мамандығы бойынша кандидатура және докторонтура диссертация қорғау жөніндегі арнайы кеңес жұмыс істейді. Жыл сайын көптеген жас мамандарды аспирантураға, клиникалық ординатураға даярлайды. Ғылыми-зерттеу жұмыстары еліміздегі әр түрлі саладағы мекемелермен, сондай-ақ халықар. бірлесу шеңберінде шетелдік мемл. ғыл. орталықтарымен тығыз байланыс жасайды.



Бөлісу: