Ана махаббаты

          Көктемнің жайма шуақ күндерінің бірі еді. Аулада бір топ бала баскетбол ойнап жатыр. Олардың арасында Ғали да бар. Кенет оқыс тиген доптан ол саусағын ауыртып алды. Ойын баласы ғой, сол кезде ғана тырнағының өскенін байқапты. Үйінекеле сала тырнақ алғышпен аулаға шығып, тырнақтарын ала бастады. Оңды-солды ұшып жатұан тырнақтарды көрген анасы:

          - Ғали-ау, тырнақтарыңды бір жерге жина да, көміп таста,-деп ескертті.

          - Апа, оны қайтем, ол кімге керек,-деп бұртиды Ғали.

Сонда апасы:

          - Ботам, мен сенің тырнағыңды да өзгелердің аяқ асты еткенңн қаламаймын,-деп маңдайынан иіскеді. 

 



Бөлісу: