Кеше үлкен қызым жанымнан айналшықтап шықпай жүрді. Бір нәрсе айтқысы келгенін білдім де:
-Қызым, не болды балапаным, айта ғой,-деп құшақтадым. Сөйтсем құдай-ау кішкентай көздері жылт-жылт етіп:
-Мама-ау, мен үйленетін болдым,-дейді. Күлкім келіп кетті. Бірақ байсалды күй танытып:
-Кімге, қызым?- деп сұрадым.
-Әншіге,- деп қояды.
-Ол қайсы әнші?- деп таңқалдым. Далбасалап тұрған шығар деп ойладым. Сөйтсем:
-Әли..... Оқапов ше, соған,- дейді- Әдемі ғой, өлеңі де әдемі.
Шыдай алмай кеттім, күліп жібердім. Менің күлкіге айналдырғаныма бұртиып ренжіп қалды, бір жағынан өзі де ұялып қалды, білем.
-Сен күлесің, енді айтпаймын-деді.
Қызық сезімде болдым. Негізі қыздарыммен сырласуға дайындалып жүргем. Бірақ сол сәтке әлі 10 шақты жыл бар десем
Жаным-ау, кіп-кішкентай, кіршіксіз, арамдық атауынан пәк жүрегіңнен айналайын.