Бізді кішкентайымыздан мәпелеп баққан АНА!
Бар тәттіні өзі жемесе де, бізге береді!
Біз үшін бәріне дайын, бізде олар үшін бәріне дайын болу керекпіз!
Бұрын осы сөзді оқысам еш әсер етпес еді. Ойланбас ем. Тіпті бар ғой, бұрын не ойлап жүретінім есімде жоқ екен, (соған қарағанда онша ойшыл адам бола қоймағам-ау J ) бірақ кейінгі 3 жылда не ойлап жүргенімді анық білем. Кейінгі 3 жылда күндіз-түні, жатсам-тұрсам балапандарымды ойлап жүретін болдым. Жанымда болса көзімнен таса қылмайтынмын. Енді жұмысқа шыққалы бар ойым соларда. «Айназ жылап қалмады ма екен?», «Шынар жаурап қалмады ма?», «ашығып қалған жоқ па?» осындай т.б ойлар кетпейді ғой мидан.
Бұрын жас кезде жылаған бала көрсем ашуым келетін «неге мамасы сонша тәлпіштендіргенше шапалақпен салып қалмайды екен? Мен болсам сөйтер ем» деуші ем. Үйдегілер де айтушы еді «сен балаңды ұрып өлтіретін шығарсың» деп. Қайдаааан?! Енді біліп жатырмын сұмдық балажан екенмін. Кейде «енді өмір бойы тек балаларым деп өтем бе? Енді ешқашан тыныш, уайымсыз ұйықтай алмаймын ба? Ана болу не деген не деген қиын!!!» деп те ойлаймын. Ал кейде сол балапандардың ортасында мәз боп отырғанымда Жаратқанға сансыз шүкір айтам.
Ендігі ойым керемет ана болғым келеді. «Қыздарыма не үйретем?, шаштарын қалай сәндеймін? Киімдерін қалай ерекше әдемі етемін?» т.с.с ойлап жүрмін. Солар үшін бұрын дайындамаған тағам, бұрын тікпеген киім түрлері, құрақ түрлерін үйрендім. Қыздарымның қолынан көп нәрсе келетін нағыз қазақ қыздары болып өссе деймін. «Жас кезде домбыра үйренбеппін» деп өкініп жүрмын. Бірақ, әкесіне айтып үйге домбыра алдырып қойдым. Реті келгенде үйреніп алып оларды да үйретермін.
Ер балаша өскен мен өзім қыз болып бойжеткенде де бұлай ойланып көрмеппін. Ал Шынар «мама, шашымды сенікіндей ұзын, әдемі етіп өсірем, енді қырықпаймын» дегенде ,мүлдем басқаша сезім ол енді. J.
Қыздарым әлі кіп-кішкентай. Соған қарамастан мінездері де байқалып келе жатыр. Айназ шаққар, бұзықтау. Шынар кішкене шыдамды, өте зерек, сезімтал. Кез-келген нәрсені көңіліне алып, бұртиып немесе сәл қаттылау сөйлеп қалсаң қорқып жүреді. «Маша мен аю» мультфильмін көріп алып «мама, қыз аю басқа аюмен кетіп қалды ғой» деп әбден жылағанын көрсеңіз. Жүрегіңнен сол тіп-титтей.
Осындай ана болып жүрмін. Қатал, сұсты, мейірімсіздеу адам едім. Балапандарым өзгертті. Қазір үнді киноларына жылай алатын боп келе жатырмын. J.
«Балалары туралы жазыпты, ол кімге қызық?!» деп сөкпеңіздер. Жай, іштегі сезіммен бөліскім келді.
Өткенде Анара балалы болу, жүктілік жайлы жазба сұрап еді. «Ойбай, кереметпін, бала туралы, жүктілік жайлы бәрін білем» деп айта алмаймын. Осында болашақ аналар, жас сіңлілеріміз көп екенін байқаймын. Соларға керек болар-ау деп аз білгеніммен бөліссем, қалай қарайсыздар?!