Таба алмай жүрек дауасын,
Өмірден кейде жерінем.
Сырт көзге сондай тамаша,
Бақытты болып көрінем.
Көрінем солай бақытты,
Өзімді өзім алдаумен.
Бақытты болу оңай ма?!
Үмітке үміт жалғаумен.
Бақытты мүлде жоқ санап,
Алмаймын бірақ ақтала.
Бақытты болған шақтарым,
Баламды сүйген сәт қана.