Ана-әлемдегі асыл жан

Ана-әлемдегі асыл жан
жеке
блог

Бар болғаны үш әріптен тұратын, жалғыз ғана сөз. Ал, 3 әріптің өзінде қаншама мән-мағына жатыр?Әйткемен, жарық жалғанда кез-келген адам баласына осы сөзден артық, осы сөзден ыстық сөз жоқ шығар.

Бізді 9 ай көтеріп,9 айдан кейін қанша жыл бізді жүрегінде көтеріп келеді. Секундтар,минуттар,сағаттар,күндер мен айлар,жылдар өтсе де, әрдайым көздерінде кішкентай бала болып қала береміз.Біздің көңілімізге кірбің түсірмей, жұмсақ жүректерімен мейірімін береді. "Қанатыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай" бізге тәлім-тәрбие беріп, басқа балалардан қалып қалмасын деп, қолындағы бәрін берді.Ана махаббатын тілмен айтып жеткізу, мүмкін емес.Ұрысып,айқайлап жатқанын өзінде, биік белестерге жетсін деген оймен, "Жамандығымызды бетке басып,Жақсылығымызды жұртқа асырып" жатады. Бірақ, аналарымыздын арқасында биік шыңға жетіп жатқанымыз өтірік емес! Қиын кезеңде демеп,тұрғызып қандай белестерден аса алатынымызға көзімізді жеткізеді. Кешігіп келсек қайта-қайта қоңырау шалумен мазасы қашады.Біздің қиналғанымызды көріп, қоса жүректері ауырады.Сондықтан,қанша қиналсақ та, мейлі сабақтан қандай да бір жағдай болса да, әрдайым алдарында күліп, тек жақсылығымызды көрсетейік.

Ал, бала парызы..... Анаға деген бала парызы қандай болмақ? Ана тек баланың жақсы болғанын қалайды емес па? Әрине, сол үшін де тыңбай сабақ оқып, биік биік асулардан көріну. Жүздерінен күлкі кетпестей бақыт сыйлау біздің парызымыз.

Бір кезекте ғылымдар жануардын арқасында тәжірбие жүргізген екен,сонда жануарға екі тандау қойған болатын. Біріншісі, омырауынан сүт ағып отырған жануарды таңдауға береді екен. Екіншісі, омырауынан сүт шықпасада, мамықтай жұмсақ жануар тұрыпты. Әрине, іштеріңізден омырауы бар ананы таңдады деп ойлайтын шығарсыздар. Бірақ, жоқ, жұмсақтығында шек жоқ ананы таңдаған екен. Қорытынды жасай келе, әр балаға ананың тек жұмсақтылығы маңызды.Анасы жұмсақ, мейірімді, күліп қарайтын болса, онда бала анасына жақындай түседі де, ана мен баланың махаббатын қандай бір жағдайлар айыра алмайды.

"Ананың көңілі балада,баланың көңілі далада",- дейді. Ана баласын қаншша ойлап,қамқорлығын көрсетсе де , баланың ойы басқа жақта болып тұрады.

Ана жайлы айта берсек таусылмайды ғой, шіркін! "Түн ұйқысын, бесігімізді тербеткен де ана!"." Ана- бір қолымен бесік, бір қолымен әлем тербеткен".- деп халқымыз бекер айтпаған ғой. Ананың нәзік үні,жұмсақ аялы алақаны,жанжылуымен бізді әлдилеп жұбатады. Анасы баласы үшін бармайтын құрбандық бар ма?

"Қарға баласын аппағым деп,кірпі баласын жұмсағым деп еркелетеді'. Әр ана баласының жақсылығын асырып, жамандығын жасырады демекші баласының биік,биік асулардан көрсетеді.

Осындай аналарымыз қартаймасын. Осы айтқанымнан қорытынды жасайтын болсам, Анамызды барынша құрметтеп,Сыйлауымыз қажет. Қолыңнан келгеніңше анаңа жақсылық істе! Қандай сөз айтсаң да анаңды бақытты қылдыруға тырыс! Ешқашан анаңа ашумен жауап берме! Ана махаббатын айтып жеткізу мүмкін емес. Сол махаббаты тола журегін жаралайтын сөздер айтпа! Ана- әлемдегі асыл жан. Аналарымыздың қадірін білейік деңім келеді.