Ана алдында қара да, хан да бас иген...

Ана алдында қара да, хан да бас иген...
жеке
блог

Айымның нұрайы, күнімнің шырайы болып жүрген – ата-анам. Анамды жеті рет Меккеге арқалап апарсам да құдіретті ақ сүттің қарызынан құтылмаспын. Ана алдында қара да, хан да бас иген екен. Алайда, заман өзгеріп, адамзат та өзгергені ме?! Мені толғандыратын ХХІ ғасыр өзекті мәселесі – қарттар үйінің көбеюі. Атам заманынан бері ата-анасын құдайдан кейінгі екінші жаратушы ретінде сыйлап, қарттар үйіне өткізбек тұрмақ, тіпті қазақ жұртына үш ұйықтаса түсіне кірмейтін мәселенің бірі. Бұл жерде көптеген пікірлер, сұрақ-сауалдар туындайды. Біріншіден, ата-анасын қарттар үйіне тапсыратын адам қандай адам? Бұндай адамдардың иманы да, ары да, ұяты да, мейірімі де жоқ, бір сөзбен айтқанда – тас жүрек адамдар. Екіншіден, Неліктен? Деген сұрақ туындайды. Сөзсіз, бес саусақ бірдей емес, мүмкін, менің пікіріммен келіспейдіндер де бар, біреулердің бұл қадамға баруының бір себебі мен мәжбүрлігі болған шығар деушілер де аз емес. Қалай болғандада мен бұл пікірге жатпын. Себебі, шешімі жоқ қиындық – жоқ. Өзіңді мәпелеп өсірген, соңғы нанын өзі жемей, саған берген, өмірдің ағы мен қарасын ажыратуды үйреткен, тіпті, тоғыз ай құрсағында көтеріп, өмірге әкелгенін біле тұра, қарттар үйіне тапсыруға қалайша дәті жетеді екен? Бұл сұрақтың жауабы мен үшін – үлкен сыр, астары жоқ - құпия. Айтпақ ойымды қорыта келе, өмірде ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды.Бізді қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын ата-анамызды құрметтейік,ағайын!