Ана

      Мен неге осыншама әлсізбін?Біреу бірнәрсе десе жылап қаламын,қиындыққа кезіксем құлап қаламын,ана!Сол кезде жан досым,жалғызым,жан жүрегім,барым,нәрім өзіңізге хабарласқанда демеу алып қалардай болып,мазалаймын сіздіі тағы...Кешіріңіз  мені,сізге жанымды жылытар жалғыз жан болғасын хабарласқанда,мен қиналғанда,сізге меннен де қиын түсетінін ұмытып кете беремін...

      Есіңізде ме,сізді бір күні  ренжітіп алдым...дәл сол күні мектепте кеш өтетін болды, «не киемін» деп түймедей нәрсені түйедей қылып мәселе тауып алдым өз басыма. Сол сәтте сізді ренжітсем де,көңіліңізге қаяу салсам да ,сіз маған өкпелі болсаңыз да «қазір киіп бар» деп киім әкеліп қойыпсыз ғой...

      Қарбалас күн.Мәселенің үстінен мәселе,стресс,жүйкем тозып жүрген кез еді.Қателік істедім сол күні,үлкен қателік,кейінгіге сабақ болған қателік. Бұл «есердің есіргеніндей» қылығым үшін қатты ұялдым, ұрыстыңыз,әрине шарт ғой, кішкенеден соң мені жұбатқанда,қайтадан қалпыма келуіме үндеп,дем кезінде демеу бергенде, жұдырықтай жүрегіңіз бар әлемді тербетіп,жұбатып тұрғандай болды.

     Анашым, бала кезімде  оқып білсін,ізденсін,көрсін деген ниетпен барлығын істедіңіз,титтей талантымды жаңа мектепке көшсем бірден ескертіп,жамандығымды жасырып,жақсылығымды асырдыңыз.Бүгінгі күнге жетуім, биік белестерді бағындыруым, қазіргі күнде осындай азаматша болып қалыптасуым  бір Жаратқанымнан кейін сіздің арқаңыз,ана!

     Оқуға түскеннен кейін,адамның түр-түрлісін көрдім.Тіпті оларды көргенде таңғалғаным сонша,аузым ашылып қалды мінездерін көріп.Бұл «үлкен өмір» екен ғой,сөйтсем... қатал,қатыгез,өзімшіл.Ал сол өмірдің арам,әдепсіз,кішіпейілділік,сый-құрмет,адамгершіліктен жұрдай кейбір кейіпкерлерін көргенде жүз мектепте бере алмайтын тәрбиесі үшін анама шексіз алғыс білдіріп,жұмсақ жүректі жанды бір жылатып алатыным бар менің,ол да қапы қалмайды «мен де сенімен мақтанамын» дегенде менің жан-дүниемді айтсаңызшы...



Бөлісу: