ӘН

ӘН
жеке
блог

***
Іздемейтін жоғалтса да асылын,
Көңілімнің жауы-күлкі, досы-мұң.
Безбүйрек боп кеттім бе əлде, 
жанарым -
Жалғыз тамшы үзген сəтте жасырын. 
-Өзің жаққан сезім отын сөндіргем
Ертегіге айналайық ел білген.
-Жалғыздықтан жабыққанда іздеме,
Есіміңді əн етпейін мен мүлдем! 
Бəрі осылай аяқталды, басталып,
Тағдыр дейтін тар шеңберден аспадық.
Жүрегіме орнатайын жыр-мүсін,
Бақытыма тілекші боп жүрмісің?!.
Əнін тыңдап тұрмын тағы əлемнің
..мұңды шын..!

Əлия Іңкəрбек