Амансың ба, саусың ба, есенсің бе?

Амансың ба, саусың ба, есенсің бе?
жеке
блог

Сәлем саған-МАХАББАТ, қалың қалай?
Мендік жүрек соғып тұр дамылдамай.
Көптен бері кездеспей кеттің маған,
Ғашық болған бал күндер, сағымдар-ай.

Амансың ба, саусың ба, есенсің бе?
Жүрсің бе әлі,  ғашықтар көшесінде.
Жара болып жайғастың көп жүрекке,
Шыныңды айтшы... Өшірсе, өшесің бе?

Не жаңалық? Өзіңде бар ма хабар?
Бар ма хабар, жарыса жалғап алар.
Сезімдердің қазірде жартысы әлсіз,
Ал, қалғаны, жасанды жарнамалар.

Себебі не? Әлсіреп барамысың?
Сен асқақсың, асылсың, бағалысың.
Бір білгенім, расымен, мүмкін емес......
Иә, сен де ғашықсың, жаралысың. 

                 Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН