"Амалым бар ма-еу, амалым" - Путин

"Амалым бар ма-еу, амалым" - Путин
жеке
блог

Естіп, оқып жүрген боларсыздар, 4 наурызда Ресей алдағы 6 жылға жаңа басшысын тағайындайды. Бұл жолы Президенттікке 5 үміткер тағайындалған екен. Олар:

Ресей либерал-демократиялық партия төрағасы Владимир Жириновский.

Ресей коммунистер партиясының төрағасы Геннадий Зюганов.

"Әділетті Ресей" партиясының төрағасы Сергей Миронов.

"Біртұтас Ресей" партиясының төрағасы Владимир Путин және ешқандай партияның атынан шықпай, өзі өзін ұсынған кандидат Михаил Прохоров.

Владимир Жириновский Ресей тәуелсіздік алғаннан бері Президенттікке 4 рет ұсынылған екен, осымен 5-рет шығып отыр. Зюганов та қалыспайды, осымен 4-рет үміткер. Миронов - 1 рет, ал Путин оның алдында Президент болғанын бәрімізге мәлім. Михаил Прохоров болса саясатқа енді араласып жүрген миллиардер дейді Уикипедия.

Көршіміздің саяси ахуалын сырттай бақылай отырып, бұл сценарийді бір жерден көрген сияқтымын деген ой келеді.