Алыстағы ғашығым

Білемін, 
Жаным менен жырақтасың, 
Келем деп талай рет жұбатқансың. 
Дәл осы қалпымменен өзің ғана, 
Боямасыз,шынайы ұнатқансың... 

Жаным сенсің, 
Қиналсам күш беретін, 
Көзіңнен бір жылулық көруші едім 
Жүрегімнің тылсымды түкпіріне, 
Сенің атың жазылған сенсең менің. 

Сен арқылы, 
Тұрақ тауып жүрегім, 
Қойды бүгін сеземін безілдеуін... 
Қасымнан жырақтама енді менің, 
Әйтпесе,ешкім таппас оның емін...



Бөлісу: