Жаңа ФБда бір видео көріп, қаным басыма шауып отыр. Жылап-жылап алдым(( Қызға жаным ашып, анау қызды жабылып ұрып жатқан қатындар мен еркектерді адам құрлы көріп отырғаным жоқ.
Салт бар, дәстүр бар, бірақ бишара қыздың еркі мен қалауы, құқытары мен заңды талаптары қайда қалды? Ал, ұрлап, зорлықен келін етті сол үйге. Ертеңі не болады екен? Өштеніп алып, үй ішін қырып тастаса ше? Жаман қатын қайдан шығады деп таң қалады-ау жігіттер! Міне, осындайдан шығады.
Әр бір тамшы жасының обалына қалдық деп тұрған ешкім жоқ... Әйтеуір жабылып соққылап жатыр, ұрысып жатыр. Қыз жылап, шыңғырып әлек.
Бәрін де соттатып, түрменің төрінен бір-ақ шығарса ғой...
Бірақ, өмір шындығы сол, үндемей сол үйде басы салбырап қалады. Жақсы келін болуға да тырысатын шығар... Қараңғы қыздар, құқықтарын білмейтін бишаралар....
Жүрегім ауырып отыр енді....
Ал анау ұрлап келген жігіттің еш намысы да, ерлігі де жоқ екен. Бір қызды қарата алмай, бір қызды аялай алмай, қара күшіне сеніп жүр. Бір күні сол қыз түбіне жетсе таң қалмаймын...