«АЛТЕЛ» АҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЛТЫ ҚАЛАСЫНДА LTE ЖЕЛІСІН КОММЕРЦИЯЛЫҚ ПАЙДАЛАНУҒА ІСКЕ ҚОСУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ

1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасы аумағында ұялы байланыс қызметін көрсететін «АЛТЕЛ» АҚ Республиканың  Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Өскемен және Шымкент қалаларында қамту аумағын кеңейту және жаңа буынның деректерді жіберудің LTE (4G) желісін коммерциялық пайдалануға іске қосқаны туралы хабарлайды.

LTE (4G) мобильді желісі Астана және Алматы қалаларында 2012 жылғы желтоқсанда коммерциялық пайдалануға берілді, ал 2013 жылғы IV тоқсанында Алматының Есік, Қаскелен, Қапшагай, Талғар, Шамалған көршілес қалаларында және қосымша Алматы облысының 30 елді мекендерінде  қолжетімді болады. Желінің құрылысы белсенді жалғасуда.

LTE төртінші буынның желісі деректерді 100 Мбит/с дейін ең үлкен жылдамдықпен қамтасыз етуге мүмкіндік береді, ол алдынғы буын желілерінде қолжетімсіз жаңа сервистердің жұмысын жүргізуге мүмкіндік береді. Бизнес үшін - бұл біріншіден, үлкен кеңсе экрандарында сапалы бейнеконференциялар, олардың қатысушылары басқа қалаларда немесе автомобильде бола алады.

Жеке пайдаланушылар үшін көп пайдаланушылық он-лайн ойындарда қатысу, саналы секундтарда улкен көлемді фото, аудио және бейне контентті жүктеу, HD форматында сұрату бойынша фильмдерді көру және тағы басқалары қолжетімді болады.

Мемлекеттік жобалар аясында LTE технологиясы жоғары және орта оқу орындарында электронды білімді, денсаулық сақтау, транспорт және логистика саласында жобаларды кең енгізуге мүмкіндік береді, ол күмәнсіз Қазақстанның бүкіл халқының өмірін және денсаулығын сапалы жаңа деңгейге шығарады.

«Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Өскемен және Шымкент қалаларының тұрғындарымен LTE желісін коммерциялық пайдаланап бастағанмен бірге, ең заманауи LTE жабдығы 4G USB-модемдері және 4G Wi-Fi роутерлері, сонымен қатар  Астана және Алматы қалаларының тұрғындары жоғары баға берген ALTEL 4G тарифтік жоспарлары қолжетімді болады, - дейді «АЛТЕЛ» АҚ Коммерциялық директоры Ирина Савина. - Бұдан басқа, жаңажылдық мейрамдарға арнайы сыйлық дайындадық: ALTEL 4G қосылып, жабдықты сатып алғанда 4G жылдамдығымен интернет-трафиктің 99 Gb сыйлыққа беріледі».

«Жақын арада 4G-желісі мемлекет аясында дәрігерлердің, құтқарушылардың, мемлекеттік және жеке мекемелердің тәртіпке салынған жұмысын ұйымдастыра тұра, Қазақстанның бүкіл аумағын бір бүтінге байланыстырады, - деп аяқтады «АЛТЕЛ» АҚ Басқарма төрағасы Мақсут Сауранбеков, - «АЛТЕЛ», 20 жыл бұрындай кезекті технологиялық прогрессті бұзып-жарып, алға шықты, бір-бірінен мыңдаған километр бөліп жатқан адамдардың достық қарым-қатынасын шексіз жасайды. Мобильді технологиялардың ең маңызды қызметі – біріктіру, деп ойлаймын. Сондықтан біз одан әрі осы бағытта бар күш-жігерімізді саламыз.”

 

Компания туралы

«АЛТЕЛ» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ еншілес компаниясы, 1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасы аумағында ұялы байланыс қызметін көрсетеді. «Қазақтелеком» АҚ Қазақстан аумағында LTE деректерді жіберу технологиясы бойынша қызмет көрсетуге эксклюзивті құқыққа ие. Қызметті «АЛТЕЛ» АҚ  ALTEL 4G сауда белгісімен көрсетеді. LTE желісі 2012 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын орындау және Деректерді кеңжолақты жіберуді стратегиялық дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында Астана және Алматы қалаларында қосылды. LTE желісі Қазақстанда 1800 МГц жиіліктер диапазонында жұмыс істейді.

 

Технология туралы  

LTE (Long-Term Evolution ағылш. – ұзақ мерзімді даму) — теориялық тұрғыдан қарағанда, диапазонда 100 Мбит/сек және одан жоғары 4G (fourth generation — «төртінші буын») деректерді жіберу жылдамдығын қолдай алатын мобильді байланыс технологиясы (LTE Advance). LTE желілері әлемнің 100-ден астам елінде енгізілген, әлемде LTE пайдаланушылардың жалпы саны қазанның соңына қарағанда шамамен 135 млн. құрады, негізгі пайдаланушылар АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапонияда.



Бөлісу: