Әлсіздікке жол бере көрме!...

Мінеки, сабақ басталып, үлкен қалаға қадам басқалы тура 1 ай болыпты. Тура 1 ай мен өз ауылымнан жырақтамын. Маңдайымнан "алтыным" деп құшырлана сүйер әжем де, "ботам" деп еркелетер анам да, қабағынан қар мен қоса нәр де қатар жауатын әкем де, өз қаным, жандарым - бауырларым да менен алыста. Бұлай көңіл түсіріп отырғаныма қарап, Алматыдан қажыпты деп ойлай көрмеңіздер. Жооооқ, мүлдем олай емес! Қайта мен саған ғашықпын, Алматы! Тек аздап қана сағыныш тамшылары мөлдіреп кететіні болмаса...

Жатағым -жатақхана. Журналистика факультетінің жатақханасы. Қасымда өзім қатарлы қыздар, жігіттер. Қарап отырсаң, көптен бергі тілегің. (тезірек ауылдан кетсем екен, құтылсам екен деген). Орындалды. Бәрі жақсы. Тек бір нәрсе ғана жетіспейді. Ол - туғандарың. Қалғаны уақытша ғой. Қалай келсем, бәлкім, солай кетермін бұл қаладан. Менімен бірге қалатын туыстарым ғой. Олар үшін уайымдаудың тіпті де керегі жоқ. Әйтсе де, іште белгісіз бір уайым тұрады. Ата-анам, бауырларым аман ба деген.Келгенім кеше ғана, сонда да қиындық кездесе бастады. бірақ, шыда, Жадыра! Бекерден бекер журналист боламын шешкен жоқсың ғой. Отбасыңнан жырақта болсаң да, жат қалада жүрсең де, жүрегіңмен сен әрдайыс туыстарыңмен біргесің! Тек әлсіздікке жолбере көрме! Басқаның бәрі уақытша. Тек, шыдашы... 



Бөлісу: