Әлішер Қайратұлы: "Қайрат Нұртаспен ешқандай туыстығым жоқ"


-Әлішер, қай жердің тумасы боласыз? 
 
Әлішер: Мен 1997 жылы 18 қаңтарда Талдықорған қаласында дүниеге келгенмін, қазіргі уақытта да осы қалада тұрып жатырмын.

-Өнерге келуге не себеп болды?
 
Әлішер: Қайрат Нұртас ағамыздың тойда билеп, ән айтқанын көріп менде де ән айтуға деген қызығушылық пайда болды.
 
-Осы өнеріңіз кімнен дарыған?
 
Әлішер: Әжемнен дарыған деп ойлаймын. Десек те, "әу" демейтін қазақ жоқ қой 
 
-Қайрат Нұртаспен дуэт жаздыра беру әрбір адамның қолынан келе бермейді, қалай ол кісімен дуэт жаздырдыңыз әлде туыстық қатынастарыңыз бар ма?
 
Әлішер: Жоқ, туыстық емес, бұйырған шығар, біз одан сұрадық "сізбен дуэт айтсақ бола ма?" дегенбіз ,"Жарайды студияға келіңіз даусыңызды тыңдап көрейік, екеуіміздің даусымыз дуэтке келе ме екен!",- деп бір ән айтып "даусың жақсы екен",- деп Алматы түні әнін дуэтте шырқадық, содан кейін тағы да 2-3 ән жаздырған болатынбыз.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/Y8FROR-mU_c","width":"640","height":"480"});
-Демек Ең бірінші жаздырған әніңіз сол болғаны ғой?
Әлишер: Иә, дұрыс айтасыз ,"Алматы түні" әні. 

-Қазіргі таңда қоржыныңызда қанша ән бар?
Әлішер: 15 шақты әнім бар, 3 бейнебаян түсіріп үлгердім, көрермендерге ұнайды деген үміттемін. Бейнебаяндардың алғашқысы Қайрат Нұртаспен "Алматы түні" әніне, сосын жеке "Әдемім" және "Қоштасу" атты әндеріме түсірілді, ал бүгінгі концертте 10 әнімді шырқайтын боламын.

-Жұлдыз ауруымен ауыра қоймаған шығарсыз?
Әлішер: Жоқ, Алла сақтасын!

-Ауырамын деп қорықпайсыз ба?
Әлішер: Сабырлы болу керек қой, әкем "Қашан да сабырлы бол" деп
үйреткен.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/3wg_zMH9bvU","width":"640","height":"480"});

-Өмірде мінезiңіз қандай?
Әлішер: Жуас адам сияқтымын, мінезім туралы мені танитын басқа біреу айтпаса, өзім айта алмаймын.

-18-ге толмағандықтан әзірге көлігіңіз жоқ, автобусбен жүресіз бе?
Әлішер: таксимен жүремін.

-Көшеде танып жата ма?
Әлішер: Жәйлап-жәйлап танып жатыр...

-Бүгінгі концерт жақсы өтеді деп ойлайсыз ба?
Әлішер:Енді дайындыққа қарағанда жақсы өтеді деген ойдамын.

-Сұхбатыңызға рақмет! Алла разы болсын!
Сұхбаттасқан: Аружан Дуйсен


Бөлісу: