Әлішер Қайратұлы: "Қайрат Нұртаспен ешқандай туыстығым жоқ"
жеке
блог
блог
-Әлішер, қай жердің тумасы боласыз? Әлішер: Мен 1997 жылы 18 қаңтарда Талдықорған қаласында дүниеге келгенмін, қазіргі уақытта да осы қалада тұрып жатырмын. -Өнерге келуге не себеп болды?
Әлішер: Қайрат Нұртас ағамыздың тойда билеп, ән айтқанын көріп менде де ән айтуға деген қызығушылық пайда болды. -Осы өнеріңіз кімнен дарыған? Әлішер: Әжемнен дарыған деп ойлаймын. Десек те, "әу" демейтін қазақ жоқ қой -Қайрат Нұртаспен дуэт жаздыра беру әрбір адамның қолынан келе бермейді, қалай ол кісімен дуэт жаздырдыңыз әлде туыстық қатынастарыңыз бар ма? Әлішер: Жоқ, туыстық емес, бұйырған шығар, біз одан сұрадық "сізбен дуэт айтсақ бола ма?" дегенбіз ,"Жарайды студияға келіңіз даусыңызды тыңдап көрейік, екеуіміздің даусымыз дуэтке келе ме екен!",- деп бір ән айтып "даусың жақсы екен",- деп Алматы түні әнін дуэтте шырқадық, содан кейін тағы да 2-3 ән жаздырған болатынбыз. -Демек Ең бірінші жаздырған әніңіз сол болғаны ғой?
Әлишер: Иә, дұрыс айтасыз ,"Алматы түні" әні. -Қазіргі таңда қоржыныңызда қанша ән бар? Әлішер: 15 шақты әнім бар, 3 бейнебаян түсіріп үлгердім, көрермендерге ұнайды деген үміттемін. Бейнебаяндардың алғашқысы Қайрат Нұртаспен "Алматы түні" әніне, сосын жеке "Әдемім" және "Қоштасу" атты әндеріме түсірілді, ал бүгінгі концертте 10 әнімді шырқайтын боламын. -Жұлдыз ауруымен ауыра қоймаған шығарсыз? Әлішер: Жоқ, Алла сақтасын! -Ауырамын деп қорықпайсыз ба? Әлішер: Сабырлы болу керек қой, әкем "Қашан да сабырлы бол" деп үйреткен.
-Өмірде мінезiңіз қандай? Әлішер: Жуас адам сияқтымын, мінезім туралы мені танитын басқа біреу айтпаса, өзім айта алмаймын. -18-ге толмағандықтан әзірге көлігіңіз жоқ, автобусбен жүресіз бе? Әлішер: таксимен жүремін. -Көшеде танып жата ма? Әлішер: Жәйлап-жәйлап танып жатыр... -Бүгінгі концерт жақсы өтеді деп ойлайсыз ба? Әлішер:Енді дайындыққа қарағанда жақсы өтеді деген ойдамын. -Сұхбатыңызға рақмет! Алла разы болсын! Сұхбаттасқан: Аружан Дуйсен
|