Әліпби ауыстыру жай ғана таңба ауыстыру ма?

Әліпби ауыстыру жай ғана таңба ауыстыру ма?
жеке
блог

Қазақ тілі  әліпбиін латын графикасына көшіру  бойынша Жетісуда  түсіндірме жұмысын жүргізіпжүрген «Жаңа әліпби жаңа дәуір бастауы» атты ақпараттық жұмыс тобы мүшелері облыстағы аудан-қалалардың бәрін аралап қайтты.
Айдар Карбозұлы

Осындай бір жиында Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев жаңа әліпбиге көшудің маңызын түсіндірді.

– Мемлекетіміздің одан әрі дамып, көркейіп, гүлденуі үшін қолға алынған  маңызды бастамалардың бірі –латын әліпбиіне көшу. Қашанда кемеңгерлігімен ерекшеленген Елбасы «2025 жылға   қарай ісқағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан  қолға алуымыз керек. Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қажетті  дайындық жұмыстарына қазірден кірісеміз», –деп мәлімдеді. Расында, бұл заман талабына сай айтылған орынды ой. Латын әліпбиі – тәуелсіздік тұғырын нығайтуға және халықтың біртұтсатығы орнығуға мүмкіндік беретін тамаша құрал – деген топ жетекшісі Айдар Карбозұлы жаңа әліпбиге көшудің басты ерекшеліктерін екшеп айтып берді. Өз сөзінде ол  жазу – әрбір xалықтың руxани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік маңызы зор құбылыс екендігін, ол өткенді, бүгінді және келешекті жалғастыратын алтын көпір деді.

Басқосуда   топтың белді мүшесі І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-дің оқытушысы, профессор Шара Қияxметова латын графикасына көшудің маңызы туралы баян етті. Оның айтуынша, қазақ ұлттық әліпбиі елдің санасын жаңғыртатын, әлемдік кеңістіктегі ауқымды ақыл-ой қазынасына жол ашатын, ойлау жүйеміз бен төлтума руxани қасиеттерімізді айшықтайтын, қазақ тіліне реформа жасауға мүмкіндік беретін, тілдік төл заңдылықтарымыз бен емле-ережелерімізді толыққанды қамтамыз ететін ұлттық жоба. Өз сөзінде профессор Шара Әсетқызы жаңа әліпбиге көшудің бірнеше принципін де тілге тиек етті.

Алқалы жиында  ақын, облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі Қажет Андас та өз ойымен бөлісті.
– Елбасы революциялық емес, эволюциялық жолмен күрделі мәселелерді шешіп берді. Соның бірі – латын әліпбиі. Латын әліпбиіне көшу – қазақ әліпбиіне реформа жасау –деді ол . Сондай-ақ, латын графикасын үйренудің аса қиындық туғызбайтындығын, әлем қабылдап отырған әліпбидің жаттығы да байқалмайтынын айтты. Латын графикасына көшудің басты ерекшеліктеріне тоқталған Қажет Андас өз кезегінде көпшілік қойған сауалдарға да жауап берді.