Алматының ұсқынсыздау бейнесі

 

Алматы екен ғашықтардың-ғашықтардың қаласы,

Мұнда келіп жазылғандай жүрегімнің жарасы.

Неткен жұптар-неткен жұптар мына өмірге риза!

Кетіп барады қол ұстасып әне оларға қарашы.

 

Сенбесеңдер тағы да айтам, Алматыға келіңдер,

Бақшада отқан қос ғашықты көздеріңмен көріңдер.

Ілінген соң бұл сезімнің ұшына,

Еш амал жоқ жұптарыңа сеніңдер.

 

Көз саламын  сол жағыма,

Сонан кейін оң жағыма.

Алматыда немене сонда?

Тек ғашықтар болғаныма?

 

Қарап тұрмын,көз алдымда жігітпен тұр сұлуы,

Жетпегендей қазір кеткен жігітінің жылуы.

Жігіт кетті жаңа ғана, келді одан басқасы,

Не дейсіздер?

Махаббаттың осы емеспе сынуы.

 

Абай болғын байқаусызда алданба,

Сенімім жоқ мынау жүрген жандарға.

Махаббат ол сия емес таусылар,

Менімше ол заңғар-заңғар тау шығар.

 

Білу керек:

1.Жаныңның-сырын,

2.Жүректің-жырын.

3.Расында-расында,

4.Махаббат-ШЫРЫН***

 

Жаза берсем айта берсем  көп әрине әңгіме,

Жеке маған мына ғұмыр қызықты әрі мәнді де

Ағайындар, мұсылмандар сендерден бір өтініш,

Өтіріксіз күн кешейік бұл фәниде мәңгіге.

                             Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН



Бөлісу: