Алматының мәдени тынысы

Өткен аптада көптеген қызықты мәдени шаралар болып өтті сүйікті қаламызда...

Алматының ұнайтын жері де сол - қашан қарамасаң да қарбалас өмір, әйтеуір бір нәрсе болып жатады: жаңа бутиктің ашылуы, сайыстар, концерт, фестиваль, презентация, премьера, көрме т.б.

Иірімге кіріп кетесің де, шыға алмай қаласың:) Әсіресе соңғы қоңырау соғылып, жаздың жайма-шуақ күндері басталысымен, қаланың мәдени өмірі жанданды. Артбатфест атты өнер туындыларын паш еткен үлкен бағдарлама басталды:

"Биыл үшінші рет өткізіліп жатқан фестивальдің тақырыбы — «2012: Жарық дүниенің басталуы». Ол түрлі жанрдағы ауқымды да әртарапты көркем туындыларды экспозиция алаңшаларына шоғырландыру, заманауи өнер шеберлерінің пессимистік, күңгірт дүниетанымға оптимистік, ашық образдарды қарсы қоюға деген ынта-жігерін біріктіру арқылы «Бізді жарқын болашақ күтіп тұр және әрқайсысымыз үшін ол бүгін басталады» деген энергетикалық, әрі мағыналық пайымдау шығарады. Бұл Фестивальдің басты идеясы болып табылады." 

Балалар күніне арналған неше түрлі сайыс, концерттер өтті алаңдарда. 

Және де осы маусымның ең маңызды мәдени шарасы - Франциядан қонақтап келген мұражай. Яғни "Францияның інжу-маржандары" атты көрменің өтуі. "Франция мен Қазақстан арасындағы мәдени байланысты дамыту аясында өткізіліп отырған бұл көрме Қайта өрлеу дәуірінен қазіргі күнге дейінгі француз көркемөнерінің жемісі болып табылатын туындылармен таныстырады. 

Филипп Костаманья : «Бұл көрмені Қазақстанға алып келген себебіміз — мұнда халық арасында англосаксондық өнер басым екен. Ал біз болсақ, сіздерді Франция өнерімен таныстырғымыз келді. Бұл шара Франция Республикасының бұрынғы Ақпарат және Коммуникация Министрі Фредерик Миттеранның бастамасымен ұйымастырылып отыр."


Көрме 5-тамызға дейін өткізіледі. 

Не дегенмен, меніңше, Алматы әрдайым мәдени ошақ, мәдени астана болып қала береді:) Алайда Астана да соңғы кездері қалысар емес, онда жұрт әрине мәдени өмірден гөрі, өз жұмыстарымен әлек болса да, қызықты көрмелер мен қойылымдар қойылып жүр. 

Соның бірі, мысалы, Францияның Ниве-Карзон галереясы әкелген "Ультражад" көрмесі. Көрме кескіндеме мен фотосурет арқылы тарихтың байланысын көрсетуге тырысты. Негізгі жұмыстар фото-, видео- технологияларын қолдану арқылы жасалынған. 

Онда тек шет елдің емес, Қазақстанның да суретшілерінің туындылары таныстырылған. 

Сондай-ақ 17 маусым күні Астанада әйгілі "Гамлет" трагедиясын тамашалауға болады. Қоюшы-режиссер: Б.Ұзақов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері. 

Әрине қаламызда мұндай шаралардың көптеп өткізілуі құба-құп нәрсе. Алайда сол шаралар кезінде өзімізді бір ортаның адамы ретінде сездіретін, қалалық рухты көрсететін атмосфера болса екен, деймін:) 



Бөлісу: