Жақында жұмыспен банк бөлімшесіне кірдім. Кезекте тұрған кезде үстіне сарғылт киім киген орта жастағы ағаймен сөйлесіп кеттім. Ол кісі менен банк карточкасына қатысты сұрақтар қойып жатты. Өз сөзінде аула сыпырушысы болып істейтінін, айлығы 90 000 тнг, жақсы жұмысы істесе, премия алатынын айтты.
Ағаймен сөйлескеннен кейін ойланып қалдым. Күнделікті таңертең жұмысқа кетіп бара жатқанда алдыңнан осындай аула сыпырушылар кездесіп жатадыү Олар қаламыздың көшелерін тазалап, қоқыстарды жинап, қалаға әр береді. Ал солардң еңбегі көзге көрінбей қалатын секілді. Себебі, олар тазалаған бойда мәдениеттен жұрдай тұрғындар қоқыс жәшігін көрмей қалып жатады.
Аула сыпырушысының жұмысы қара әрі ауыр жұмыс деп ойлаймын. Кейбір адамдар үйі түгілі отырған жұмыс үстелін жинамайды. Ал ол кісілер болса, ауа райының қолайсыздығына қарамастан күн-түн демей қала көшелері мен аулаларды тазалап жүреді.
Ал ол кісілердің еңбегі (айлықтан басқа) бағалана ма?!
Жақында «Алматының ең үздік аула сыпырушысы-2018» байқауы басталды. Байқау осымен алтыншырет өткізіліп отыр. Жыл сайын онда қаланың 200 жуық ең белсенді аула сыпырушылары қатысады. Осы жылы ұйымдастырушылар сондай-ақ кем дегенде 200 өтінімді күтуде.
Жеңімпазды таңдау екі кезеңде өтеді. Алматылықтар ашық дауыс беру арқылы 30 финалға қатысушыларды анықтайды. Екінші тур аулаларды көпшелі тексерудерде тұрады.
"Алматының ең үздік аула сыпырушысы" конкурсының жалпы жүлделер қоры 650 000 теңге құрайтын болады.
1-ші орын - 200 000 теңге, 2-ші орын - 150 000 теңге және 3-ші орынға үш аула сыпырушы ие болады - 100 000 теңгеден. Жалақыға деген мұндай қомақты үстеме өткен жылдардағы жеңімпаздардың біреуіне қызының жоғарғы оқу орнында білім алуына көмектесті, ал басқалары демалыс күндерін тамашалай өткізе алды. Мұндай іс-шаралар аула сыпырушыларының мәртебесін көтеріп, жұмысқа деген белсенділігін арттырады деп ойлаймын. Ал ең үздік аула сыпырушысы өзгелерге үлгі болатыны сөзсіз.