Алматым менің.

       Алматы. Бәз біреулер үшін сүйікті қалаларының аты болар, ал мен үшін Алматы менің өмірімнің күнделігі. Мен асыр сап ойнаған көшелер, анам мен әкемемнің махаббатының куәсі де өзі. Менің алғаш мектеп табалдырығын аттаған сәтім. Қолда құшақ гүл, шашта ақ бантик, сол менен де үлкен болып көрінген болу керек, ұстаздарым мені бантик кыз деп атап кетті. Сол бір қобалжулы сәт. Ағаштармен, ашық аспанмен тілдескен балалық былғын шағым. Менің алғаш ғашықтық деген керемет дүниемен танысқан, жас өспірім шағым еді. Алғаш өмірден сабақ алған өмір мектебім. Алданған күнім, қуанышты сәттерім, бақытты мен бақытсыз өмір кезеңдерден өтуге көмек болған, тамаша естеліктер силаған да осы менің Алматым. Жақын адамдармен табысуға да қоштасуға да себепші өзі. Алматы- менің әр бір атқан таңым, батқан күнім. Алматы- ғашық болу сүйу сезімдерін силаған махаббатым. Алматы- алуан түрлі мінездермен, жақсы да, жаман да адамдармен танысуға мүмкіндік берген сынаушым. Алматы- менің жүріп өткен көшелерім, ғимараттар, көңіл көтеретін орындар, алданышым. Алматы- щарщауыма дауа болатын алып шыңын қар басқан таулар, кереметтей табиғат, кіші өзендер мен көлшіктер,  иістері мұрын жаратын жасыл биік талдыр, шыршалар. Алматы- менің бала Балжаннан, бойжеткен Балжанға айналған жылдарым. Алматы- анамның алғаш ақ шаштарын көріп бір жылап алуға, өмірдің тез өтетіннін мойындатқан ұстазым.

                Заман өзгерер, адам өзгерер. Кешегі балғын балапан, бүгінде ержеткен азаматқа айналар. Бірақ Алматы өз орнында. Сол көшелер, сол дүкен, сол үй. Кей ғимараттар өзгерді, жаңарды. Жол көпірлер салынды. Бірақ сол баяғы жаздың аптап күнінде де, қаласа жауын, қар  да жауатын түсініксіз ауа райы. Бірі қыстық пимада, ал бірі жаздық  жидеде . Иа қызық, бірақ бұл менің Алматым. Мен сынды Алматылықтар. Отбасылық жағдайлармен қаланың ана басынан, мына басына көшкен тұрғындар. Соның бірі мына мен. Қазір Алматының басқа бөлігінде тұрсам да, сағынған сәтте бұрынғы тұрған көшеге, ауданға барып біраз естеліктерммен қауышам. Өмірімнің қызықты сәттерін еске алып баллаық шаққа, өткен өміріме саяхат жасап қайтқандай болам. Осы сезімнің бәрін силаған сенсің Алматым. Сүйем сені Алматы.



Бөлісу: