Алматыға мәскеулік «лелипудтар» циркі келді.
блог
Алматыға мәскеулік «лелипудтар» циркі келді. Абай даңғылының бойындағы орталық цирк алаңында аталмыш цирк Алматы шаһарының тұрғындарына өз өнерлерін паш етті. Алғаш басталған күнінде кассаларда билет таптырмай, цирк залы үлкенді-кішілі көрерменге лық толды. Үйретілген аю, жылқы, қой, мысық пен ит сондай-ақ кептерлер өнері көрермен көңілінен шыға білді. Аспанда қалықтаған адамдардың өнері, цирктік шоулар мен кішкентай клоундар әзілдері жарасымды. Велофигуристтердің өнері тіпті дүйім жұртты таңдай қаққызды.
«Лелипудтар» циркі әлемдегі кішкене артистерден құралған жалғыз топ. Алғаш рет лелипуд-әртістер Санк-Петербург қаласында 1892 жылы гномдардың рөлін сомдап сахнаға шыққан болатын. Кейіннен 1927 жылы лелипудтардан құралған өнерлі тобын ашпақ мақсатында мемлекет бойынша жарыс ұйымдастырған. Бүгінде бұл «Лелипудтар» циркі әлемнің біраз мемлекеттеріне танымал.