Қоңыр күздің тақағаны Алматылық жігіттердің біразын қуантары сөзсіз. Асхат Қылышбекше айтқанда «Балмұздақ қыз бүгін сенің пәк күйің» дегендей әлі балалығынан арылмаған, көздері жәутең-жәутең еткен қарагөздердің шырмауықтай қаулайтын кезі емес пе бұл?! Ал біздің жігіттер үшін бұдан оңай олжа болмас сірә! Әйтседе, бозбалаларды жазғыра беру де әділет емес-ау... енді өзіңіз ойлаңыз, шаралары мөлдіреп ол жағыңнан бір, бұл жағыңнан бір шығып қоймай қойса жігіт байғұс қайтсін. Аты құрғыр ЖІГІТ емес пе!
Алматыға арман қуып келген балапандар, Алматы қиялдарыңдағыдай жұмақ мекен емес... мұнда да жауыздық, мейірімсіздік жетіп жатыр. Тәйірі, сөзім қорқынышты шықты-ау, иә? Алматы менің өмірім.. сенде де солай болады ертең. Мен бұған сенем. Бұл қаланы тек түсіне алу керек, түсіну...