Алматы миллионер қала. Қала ортасына шықсаң бітпейтін кептеліс, әсіресе түске таман және кешке жақын. Жаяу жүргіншілерде аз емес. Бірақ, бір қызығы түндеде тіпті таңға таяуда қала іші жарыққа бөленіп, әдемі тұрғын үйлер, кеңселер, тақмақтанатын орталықтар, алып биік ғимараттар көздің жауын алады. Алматыдағыдай әдемі заманауи метро станциялар ең керемет дизайнмен салынғанын бірі білсе, бірі білмес.
Қарапайым халық қоғамдық көліктерді соның ішінде автобусты көптеп қолданады. Алматы тұрғындары үшін қандай қоғамдық автобус ыңғайлы әрі жылдам? Осы тақырыпқа байланысты халық арасына сауалнама жүргізген болатынмын. Барлық тұтынушылар 38-ші автобусты ең жылдам, тез, жүретін жолы ашық әрі кептеліс бола бермейтін өте ыңғайлы автобус деп санайды. Иә, менің ойымшада осы автобус жоғары дәрежеге лайық. Автобустың жүру жолы Әл-Фараби көшесінен бастау алып, Сайын көшесімен толық өтіп, ары қарай Рұсқұлов көшесімен тура бағыт алып, Құлжа трассасына түсіп сол арқылы Шығыс айналма жолымен қала басына көтерңлңп, Әл-Фараби көшесіне қайта айналып шығады. Бір сөзбен айтқында қала сыртымен толық айналым жасап, әрі жолдың екі жағымен де бір-бірімен қарама-қарсы бағыт алады. Ең қызығы осы автобустың саны 38 әрі автопарктада оның саны 38.