Алматыдағы айтулы жарыс

Алматыдағы айтулы жарыс
жеке
блог

Сұлу да әсем қаламыз кеше, яғни  6-қазан күні дүрілдетіп велоспорттан Тур Алматы жарысын өткізді. Маған  ұнағаны бұл веложарысқа көптеген елдерден велошабандоздарың қатысуы болды. Сонымен қатар тік ұшақтан түсірілген қаламыздың пейзажын көрген сәттегі кез зор әсер қалдырды. Сүйікті қаламыз Алматының қандай әдемі екендігіне тағы  бір мәрте көз жеткіздім. Жарыс өткен трасса да  көз қызығатындай  төсеніші жаңа, айналасы  жасыл желекпен көмкерілген, түзу әрі таза болды. 156 км-ге созылған тартысты өткен жарыста жерлесіміз Максим Иглинский жеңіске жетті. Екінші орынды қанжығасына  итальяндық  Сонни Солберелли байласа, үшінші болып мәре сызығын Руслан Тілеубаев есімді тағы бір жерлесіміз кесті. Бұл жарыстан   “Евроспорт” телеарнасы хабар таратқанын ескерсек, шет елдіктердің де қаламызға деген қызығушылығы біраз артқан шығар деген ойдамын. Тек  соңында айта кетейін дегенім “Тур Алматы”  жарысы жыл сайын өтіп тұрса жақсы болар еді. Тіпті , қала күнінде веложарыс өткізілсе, нұр үстіне нұр болар еді.