Алматыда шоколад көрмесі ашылды

23- қыркүйектен бастап Алматыдағы Орталық музейде шоколадтан небір формаларды жасаушы шебер Николай Поповтың көрмесі ашылды. 

"Nikolya шоколад музейі" әлемнің 40 қаласын аралап, енді Алматыға келді. Орталық музейге шоколад шебері 300 ге жуық өз туындысын алып келген. Оның бәрі жоғарғы сапалы шоколад пен марципаннан, қант дражесінен жасалған, олардың ішінде мүсіндер, шоколадты суреттер, шоколадты миниатюралар бар. Барлығының жалпы салмағы 700 кг! Бұл көрмеде сіз тек экспонаттарды көріп қана қоймай шоколадтың тарихымен де таныса аласыз.

Шоколадтан жасалған Эйфель мұнарасының биіктігі 210 см, оны жасауға 45 кг шоколад жұмсалған. Ешқандай біріктіруші нәрселер қолданылмаған, тек шоколадтқа глюкозалар қосу арқылы біріктірілген. 

Шоколатье Қазақстанға бірнеше ерекше өнер туындысымен келген. 

Алтын адамның бас кимінің көшірмесі. Салмағы: 5 кг. Құрамы: қара шоколад, марципан, алтындауға арналған қоспалар. 

Пирамида көшірмесі, салмағы 8 кг шоколадтан жасалған. 

Егер сіздіңде осы бір өнер түрін үйренгіңіз келсе мастер-классқа жазылуыңызға болады. Үлкендерге 1800 тг, 6 жасқа дейінгі балаларға тегін. Сұрақтарыңыз бойынша Орталық музейге хабарласа аласыздар. 



Бөлісу: