Форумның басты мақсаты: жасөспірімдердің денсаулық пен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу.
Аталмыш форум барысында “Forum” ойын-сауық орталығында өтті. Барлық санитарлық нормаларды сақтай отыра, адам жиі жүретін орындарға барып, алдын алу жұмысын жүргізілді. Қала тұрғындарына суицид мәселесі, өз-өзіне қол жұмсау салдары туралы айтылды.
Форум барысында, “JANYM” ҚБ атқарушы директоры Клюжина Наталья Михайловна мен Алматы қалалық “Jas Otan” ЖҚ-ның төрағасы Беккайров Нұрсұлтан Болатұлы сөз сөйледі. Қатысушылар түсіндірме жұмыстарынан кейін өздерінің сауалдарын қойып, аудиториямен білетін мәліметтерімен бөлісе отырды.