Алматыда Жастар жылы аясында Jastar Sammiti-2019 шарасы өтті
блог
Саммиттің мақсаты – көшбасшы жастардың қоғамдағы танымалдығын арттыру және өзге жастарды мақсатына жетуге ынталандыру.
Jastar Sammiti – 2019 "Bilimdi urpaq", "Ashyq jurek", "Jas otbasy", "Jas kasipkerligi", "Tsifrly jastar", "Jas jalyn" алты тақырыптық локацияда жас көшбасшылардың басын қосты.
Ашық алаң барысында өз саласында жоғары жетістікке жеткен мамандар жастармен кездесіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, жастардың сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты.
Спикерлердің қатарында "Болашақ" түлектері ассоциясы Алматы қаласы бойынша директоры Қымбат Абдикеримова, "Болашақ" бағдарламасының түлегі, жас химик-ғалым Диас тастанбеков, Алматы қалалық Мәслихат директоры Ерболат Қасымов, "Keremet catering" негізін қалаушы Әділет Бағдат, Алматы технологиялық университетінің Жастар саясаты бөлімінің басшысы Ержан Әбдешов және тағы басқалары бар.
Шараға университет пен колледж студенттерінен басқа 14-29 жас аралығындағы жастар қатысып, барлығы 500-ге жуық адамды құрады.
Сонымен қатар, алты локация бойынша өткен саммит барысында жастар арасында 6 планшет, 6 смарт-сағат және 6 фитнес-браслет ойнатылды.