Алматы тентіретті тентек ұлды...

Алматы тентіретті тентек ұлды...
жеке
блог

Мен білетін адамдардың ұлысы,
Маған мәлім жасап жүрген ұлы ісі.
Өзін емес өз баласын ойлаумен,
Қара түнде қашатұғын тынышы.

Мен білетін адамдардың дарасы,
Өзгелерден тым-ақ бөлек бағасы.
Перзентінің бір хабары үзілсе,
Тамағынан өтпейтұғын нәр,асы.

Мен білетін адамдардың ерегі,
Кейде нәзік, кейде батыл ер еді.
Перзентімнің майдайының иісі,
Менің ғана сырқатымның дер емі.

Анам менің, қымбатсың ғой мен үшін,
Мұңға баттың тарылғанда өрісім.
Уайымдадың ауыратын болды деп,
Ылғалданым қалса аздап кебісім.

Қара түнде шығып кетсем көшеге,
Көз ілмейсің, мұңды жатып төсене.
Тілеуші едің тәңіріден мың сұрап,
Көгерсінші деп ұлымда көсеге.

Суық түнде қабат көрпе жамылтып,
Қымтаушы едің, бүрісуден арылтып.
Сонда-дағы мені ойлап жатушы ең,
Бір тыныштық сезіне алмай жаның түк.

«Тыңда,балам, сен қыздарға қарама,
Жібіңді үзбе, көзін сүзген танаға».
Деуші еді анам, «сабақ оқы, білім қу,
Сонда болар, бақыт,әйел, бала да».

«Барма» дейтін, «вечерге де, тойға да,
Қараңғыда қаңғыруды қой, бала».
Анамды мен түсіне де бермеуші ем,
«Жіберші енді, тез келем ғой, ой, мама!»

Кеше жүр ем анашымнан қашып бір,
Бір қыз үшін сайды бойлап, асып қыр.
Бүгін жүрмін, ана,сені сағынып,
Көкейімді қайғы бұлты басып тұр.

Мама, сені сағындым, білесің бе?
Дәрменімде қалмады күресуге.
Сіз айқайлап жүгермек деп ұрсатын,
Сөздеріңіз жадымда, жүр есімде.

Мама, 
Алматы тентіретті тентек ұлды,
Әр күнінен қалдырып өктем үлгі.
Сағындым, өзіңді ана, әкемді де,
Сағындым ауылымды, мектебімді...

Анашым, 
Білем, сенде сағындың құлыныңды,
Құлыныңның бүгінде жыры мұңлы.
Уайымдама, жүргем жоқ қызға қарап,
Қойған ұлың тұяқтан сүрінуді.

Уайымдама, өтінем, жаным ана,
Жүрмін ғой жүрегіммен сағына да.
Мені ойлап түсірген жүрегіңе,
Етші өтінем уайымның дағын ада.