Алматы Нью-Йорк, Парижден де кем емес....
блог
Тоқсан сегізінші жылдарға дейін елордасы болып келген Алматы бүгінгі күнде де өз беделін арттыруда. Біздің қала Қазақстан Республикасындағы жалғыз миллионер қала, яғни оның тұрғындарының саны 1 млн.нан асады. Қалаға республиканың шет-шетінен көшіп келгендер қоныстанып жатыр. Неге?...Өйткені, бұл қала ерекше жанға жағымды, бір рет келсен үнемі өзіне қарай тартып тұратын қалалардың бірі. Бұл алып мегаполис 451км2 алып, өзінің жол кептелістерімен шаршатып жіберсе де қай адамның да алдында еш сүйкімі кетер емес.
Алматы алып, әсем де көркем қала. Күндіз арбалыс-қарбалысты көріп нағыз қызық өмір не екенін сезінесін. Ал кешке көшеде жанған шамдары, зәулім ғимараттары жанына жылу беріп, көңілінді тебірентердей күйге түсіреді. Алматыда бәрі күшті таулары, саябақтары, демалыс орындары т.б. тек бір ғана кемшіл тұсы бар. Ол – кейбір көшенің сәнін кетіретін қоқыс. Бәріміз де Алматыны жақсы көреміз, сондықтан жүрген жерімізде тазалық ұстап, қоқысты арнайы жерлерге тастап, әсем қала көшелерін ластамайық! Өйткені, қоқыссыз Алматы Нью-Йорк, Парижден де кем емес...