алматы мен саған ғашықпын...

алматы мен саған ғашықпын...
жеке
блог

Алматы. Сені сүймейтін жан жоқ шығар. Сені "Арман" қала деп, бекер айтпаған-ау сірә! Өйткені, сен мені армандауға үйреттің. Қиял кемесімен жүзуге үйреттің. Бұлттармен тілдескен асқар тауыңа қарап, бой түзедім. Еңсемді көтердім.

Сені көргелі әсемдігіңе көзім тоймай келеді. Сұлулығыңды сөзбен айтып жеткізу де, мүмкін емес. Сенің әрбір бұрышың, тауың мен тасың, өзенің мен көлің мен үшін күннен күнге ыстық болып барады.

Түнгі бейнеңе ғашықпын! Тұңғиық, тылсым күшке ие. Жарқыраған шамдарың, жұлдызбен үндескендей. Сенің түніңе тәнтімін. Өйткені, жанарымның мұңдылығын тек сол ғана ұғатындай, жанымды түсінетіндей. Талай түн...Сырластым. Мұңдастым. Бірақ, сен тіл қатпадың. Жәй ғана түнгі әсемдігіңмен баурадың...