Алматы қалай қазақшаланды?

Біраздан бері ештеңе жазғым келмей жүрген. Кейде солай жалқаулық жеңеді)) Өткенде редакциямызға келген қонақ маған ерекше әсер берді де, осыны жазайыншы, бөлісейінші дедім. Қонағымыздың есімі-Кенесары Мұхамәділұлы.

Ол кісі бізге тарихтың қойнауында жатқан парақтарды ақтарып, салиқалы әңгіме айтты. Алматы қаласында «Қазақ тілі» қоғамын құрып, осы жолда еңбек етіп жүрген Кенесары ағаны Алматы қалалық Атқару Комитетінің төрағасының орынбасары Серік Абдрахманов сол кездегі қала басшысы Заманбек Нұрқаділовке өтініш жасап, қызметке шақырады. Осылайша Алматы идеологиясын басқару қызметіне келген Кенесары Қаптағаев Алматы қаласының көшелерін қазақшаландыруға кіріседі. Бұл жолда біраз қиындықтар көрген Кенесары ағамыз қаладағы көшелерді қазақшаландырамын деген мақсатына жетеді.

Атайдың әңгімесінің арқасында қаламыздың тарихы мен еңбегі сіңген азаматтар жайлы білумен қатар, кеңес кезіндегі тарихқа да саяхат жасадық. Ұлы отан соғысы, Р.Қошқарбаевтың ерліктері әсерлі әңгімеге арқау болды. Соның ішінде беліне қызыл туды байлап алып, Рейхстагқа қарай қадам бастаған №905 Богдан Хлильицкий Орденді Берлин полкінің айып батальонының барлаушылар тобының командирі Мұхамәділ Қаптағаев туралы да көпке беймәлім сырға толы әңгімелер айтылды. Міне, осындай ерлік жасаған Мұхамәділ Қаптағаев осы Кенесары ағамыздың әкесі екен.

Басқасын былай қойғанда, өзі отырған орындықта аз ғана уақыт отырса да, Алматы үшін, қазақ үшін біршама істер тындырған. Алматының барлық көшелерін қазақшаландырып, мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінің болуын талап етіп, ұйымдастырған да осы кісі екен. Білесіз бе, ол кезде мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті деген кабинеттер болмайды екен да, оқушылар алаңға қарай тұра жүгіреді екен. Алаңда алаңсыз ойнайды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні жайына қалады екен. Ал көшелерді қазақшаландырамыз дегені көп кісігне жақпай, арасында біраз қиындықтар көрген. Жоғардығалар Кенесары аға аяғынан таусылып жүріп, пәленбай есікті қағып, қазақшаландыруға рұқсат алған шешімді «жоғалтып» та жіберіпті. Сонда да күресіп, талай нәтижеге қол жете бастағанда бұл кісіні Алматы идеологиясын басқару қызметінен түсіріп тастаған. Әйтпегенде тағы игі істер бітер меді, кім білсін?!

Осындай кісілер көріне бермейді, бірақ еңбектері ерен!



Бөлісу: