Алматы жастары дөңгелек үстелде бас қосты

Ақпан айының алғашқы күні «Жас Отан» ЖҚ, «Алматы студенттер альянсы», «Алматы жастар конгресі» ұйымдастыруымен қаланың белсенді жастары дөңгелек үстелде бас қосты. Жиынның негізгі мақсаты - ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын талқылау болатын. Бас қосуға  Алматы қаласы ЖОО Жастар ұйымдары комитеті жетекшілері – Мысыров Ерзат, Кеңесбаев Нұрлан, Тобаяқова Айгерім, «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының төрайымы – Шұғыла Бүрлібаева, медицина қызметкері - Абльмажинова Ақмарал, жас кəсіпкер - Куланов Исмаил, ҚР Ұлттық кітапханасы қызметкері - Аян Жолдасов, Универсиада алаугері- Ергалиева Қырмызы, сонымен қатар жастар ұйымдары өкілдері, студенттер қатысты. Шара барысында қоғамдағы жастардың əлеуметтік-демографиялық рөлі, қазіргі жастардың құндылық бағдарлары, проблемалары тілге тиек етіліп, Президент жолдауында ұсынылған оңтайлы шешімдер қызу талқыға түскен болатын. 

Алматы қаласы Жастар конгресінің жетекшісі Сандуғаш Сандыбаева: "Елбасы халыққа үндеуінің негізгі мәні – Президент өзінің бір­қатар өкілеттігін Парламент пен Үкіметке беруі туралы екендігін жіті атап көрсеткен. Бұл реформа Үкіметтің өкілеттілігін күшейтіп,оның жүзеге асырылуын қадағалауды Парламентке жүктейді. Бұл реформа биліктің дұрыс жүргізілуін көздейтіні сөзсіз. Менің ойымша, бұл нəтижесінде халықтың билікке деген сенімінің артуына септігін тигізеді. Сондай-ақ, мемлекет басшысының үндеуін  қоғамдық талқыға ұсынуы - халыққа, əсіресе, жастарға, артқан үміті деп білемін," – деді өз сөзінде.

Осы сынды шаралардың жиі өткізілуі - жастардың мемлекет алдындағы жауапкершілігін арттыра түсуге ықпалын тигізетіні анық.



Бөлісу: