"Алматы жастары" бағдарламасы аясында: Алматы жастарын тұрғын-үй

Гипотеза: Аталған бағдарлама бойынша жыл сайын 1000 жас бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алу мүмкіндігін жасау. Жастарға баспана беру. Алайда, жастарда неге бастарында баспана жоқ? Нақты қаражатты жинау үшін уақыттың ұзақтығы немесе тым жоғары бағалар.

Гипотеза: Создать возможность для 1000 молодыхлюдей ежегодно приобретать первичное и вторичноежилье в рамках этой программы. Жилье для молодежи. Но почему у молодых людей нет убежища в голове? Длительность или завышенные цены для привлеченияреальных средств.

Hypothesis: Create an opportunity for 1000 young peopleto purchase primary and secondary housing annually underthis program. Housing for young people. But why do youngpeople have no refuge in their heads? Duration or inflatedprices to attract real funds.

 

 

Теория: жасы – 29 жасқа дейін, Алматыда соңғы екі жылдан кем емес тұрақты тіркелуі, соңғы екі жыл ішінде Қазақстан аумағында тұрғын үйінің болмауы. Бұдан басқа, соңғы 6 айда үміткерлердің ай сайынғы жалақысы 40 АЕК-тен жоғары болуы тиіс – 116 680 теңге. Яғни, осы теория бойынша жастар баспаналы бола алады.

Теория: возраст - до 29 лет, постоянная прописка в Алматы не менее двух последних лет, в Казахстане нетжилья последние два года. При этом ежемесячнаязаработная плата кандидатов за последние 6 месяцевдолжна быть более 40 МРП - 116 680 тенге. То есть, согласно этой теории, у молодых людей может бытьдом.  

Theory: age - up to 29 years old, permanent registration inAlmaty for at least the last two years, there is no housing inKazakhstan for the last two years. At the same time, themonthly salary of candidates for the last 6 months should bemore than 40 MCI - 116 680 tenge. That is, according tothis theory, young people may have a home.

 

Маңыздылығы: "Алматы жастары" бағдарламасы әр Қазақстандыққа пәтер алудың жолын көрсетіп қана қоймай, бұл бағдарламаның қолжетімді, шынайы екендігіне көз жеткіздіру.

Тема: Программа «Молодежь Алматы» не толькопоказывает каждому казахстанцу, как получитьквартиру, но и убедиться, что программа доступная и реалистичная.

 

Topic: The program "Youth of Almaty" not only showsevery Kazakhstani how to get an apartment, but also tomake sure that the program is affordable and realistic.

"Алматы жастары" бағдарламасы аясында: Алматы жастарын тұрғын-үймен қамтамасыз ету мәселесі

 

Алматы қаласы әкімдігі мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бірлескен жобасына 35 жасқа дейінгі алматылықтар қатыса алады. Өтінімдер Алматы қаласындағы мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдарда қызмет ететін келесі азаматтардан қабылданады:

- дәрігерлер мен медбикелер;

- педагогтар мен тәрбиешілер;

- әртістер, жазушылар, мәдениет саласының қызметкерлері;

- бапкерлер мен спортшылар;

- ЖОО мен ғылыми институттардың оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері;

- әлеуметтік сала қызметкерлері;

- өндірістік қызметпен айналысатын БАҚ қызметкерлері мен журналистер(мемлекеттік жәнекоммерциялық).

          «Алматы жастарына» қатысушылардың ресмижұмыс өтілі соңғы алты айдан кем болмауы тиіс. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған мәдениет саласының өкілдеріүшін кемінде жарты жыл бойы Алматы қаласында жекекәсіпкер ретінде тіркелу міндетті.

 

 

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI!


 Бағдарламаның мақсаты мемлекеттiк жастар саясатын жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық тетiктерiн жасау болып табылады. Осы тұрғыда келесi мiндеттердiң шешiлуiқарастырылады: 
      1. Жастар бойында патриотизмдi қалыптастыру, жастарды адамгершiлiк  сипатта және рухани дамыту. 

  2. Жастарды еңбек, бiлiм және денсаулық қорғау саласындағы әлеуметтiк құқықтарымен қамтамасыз ету.

     3. Жастардың әлеуметтiк-экономикалық қажеттiлiктерiн өздерi iске асыруына жағдай жасау.

     4. Жастардың интеллектуалдық және дене тәрбиесiнiң дамуына жағдай жасау.

     5. Оңды қоғамдық жастар бастамаларын қолдау мен дамыту.

     6. Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және бiлiм алу процестерiнетарту.

 

«Алматы жастары» бағдарламасы қала әкімдігімен бірлескен жемісті жұмыстың көрнекті мысалы. Қалалық тұрғын үй бағдарламасы алғаш рет 2017 жылы басталып, үлкен сұранысқа ие болды. Екі жыл ішінде осы жоба аясында 1 383 өтінім қабылданды. Біз қалалық билік өкілдерімен 2,2 млрд теңге сомасына қаланың 240 жас тұрғынын баспанамен қамтамасыз еттік. Биыл бағдарламаның жүзеге асырылуына қалалық бюджеттен 10 млрд теңге және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бюджетінен 3 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаражат 1 000 алматылық тұрғынның баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.  

              www.almaty-zhastary.kz сайтында өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін, Алматы қаласының тұрғын үй басқармасы 20 жұмыс күні ішінде үміткерлер тізімімен қоса, олардың өткізген құжаттарының дұрыстығын тексеріп, жинаған балл санына қарай бағдарламаға қатысушыларды таңдайтын болады. Оған некеде қанша жыл тұрғандығы, балаларының бар екендігі, категория бойынша үздіксіз жұмыс өтілінің мерзімі, халықтың әлеуметтік-әлсіз тобына жататындығы әсер етеді.

Пул құрылғаннан кейін, қатысушылардың барлығына Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде несие рәсімдеу үшін жолдама беріледі. Бұл жолдама 15 жұмыс күні ішінде жарамды. Тұрғын үйді іздеп-табуға банк екі ай уақыт береді. Пәтерді жаңа және қолданыстағы үйден алуға болады.

            Оны сатып алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 13 млн теңге көлемінде максималды соманы несиеге береді. Бастапқы жарна кемінде 10%-ды құрауы тиіс. Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме - жылдық 5%.

Мәселен, құны 13 млн теңгелік пәтерді сатып алар кезде займ бойынша төлем алғашқы 8 жылда 101 967 теңгеге, ал қалған 11 жыл ішінде азайып, 54 100 теңгеге тең болады. Әлеуетті үміткерлердің толық тізімімен www.almaty-zhastary.kz сайтынан білуге болады.

             Алматы әкімдігі мен «Тұрғын үй жинақ банкі» бірігіп қолға алған «Алматы жастары» бағдарламасының басты ерекшелігі жас мөлшерін ұлғайтып, 35 жасқа дейінгі жас алматылықтарды қамтығанында. Алғашқы жарна төлемесе де, несие ең төменгі пайыз бойынша беріледі және жастардың қай жерде жұмыс істейтіндігінің еш қатысы жоқ. Тұрғын үймен қамтамасыз ету – бұл жастарға қатысты маңызды мәселенің бірі.

            Жалпы, Алматыда ресми тіркеуге алынған 80 мыңнан астам студент жастардың тек 35 мыңы ғана оқу орындары тарапынан қол жетімді жатақханамен қамтамасыз етілген екен. Ал бұл есепке қосылмаған 46 мың студент пәтер жалдап тұратыны анық. Және жыл сайын қаладағы жоғарғы оқу орындарын бітіретін 30 мың жас маманың 75 пайызы Алматыда тұрақтап қалуға тырысады. Оның үстіне Алматыда 35 жасқа дейінгі жастар саны 800 мың адамды құрайды. Осы жастар үшін жеке тұрғын үйге қол жеткізу арман. Демек, мегаполистегі баспанаға мұқтаж жандардың қатары көбейіп келеді деген сөз. Мемлекет тарапынан жасалып отырған қолдаудың нәтижесінде жас буынның осы арманы орындала түссе екен дейміз. «Баспана болмаған соң, үйлене алмай жүрміз». Алматылық жастар осылай дейді. Олардың көбі қазір жалдамалы пәтер жағалап жүр. Бірақ, нәтиже бар, жақында  «Алматы жастары» атты арнайы тұрғын үй бағдарламасы іске қосылған болатын. Бұл бағдарламаның басты ерекшелігі пайыздық төлемнің төмендігінде, яғни көлемі 10 млн. теңгеге дейінгі заемға жылына 5 пайыз жеңілдікпен несие беріледі. Жоба «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы жүзеге асады. Бағдарлама бойынша несиені қайтару мерзімі төлем қабілетіне қарай жеке жасалады,есеп бойынша ол кезең 3 жылдан 25 жылға дейінгі мерзімді қамтиды. «Алматы жастары» жобасын қолдауға қала бюджетінен 1 млрд. теңге бөлініпті. Қазіргі күні арнайы бағдарламаның бірінші кезеңіне құжат қабылдау аяқталып, үміткерлерді іріктеу жүріп жатыр екен. Бұл бағдарлама туралы қала әкімі де жастармен бас қосуда жиі айтады.

          «Алматы - жастардың қаласы» дегенді бекер айтпаса керек. 2020 жылға дейінгі жастардың қалалық Жол картасы жасалды. Сырттан келген жастарды іскерлікке, ерікті болуға және басқа да кәсіптерге баулитын Лофт-орталық ашылды. Қазірдің өзінде 7,8 мың адам жұмысқа тұрды. 2,5 мың адамға тегін кәсіби білім берілуде. Әрине, жастардың тұрғын үйі туралы сөз бөлек. Мәселе бар. Осыны шешу үшін қалада «Алматы жастары» атты жастардың тұрғын үй бағдарламасы қолға алынды, мұнда 35 жасқа дейінгі жастар жеке пәтер алу үшін жеңілдетілген заем ала алады. Бұдан бөлек биыл біз «Рухани жаңғыру» жобасы аясында 2000 орынды 4 жатақхана саламыз. Келер жылы 2,4 мың орынды тағы да 2 жатақхана құрылысы басталады, - дейді Бауыржан Байбек.

      «Алматы Жастары» тұрғын үй бағдарламасы несімен ерекше?

 

              Жастар – Қазақстанның болашағы дегенді жиі айтамыз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі «болашақ жастар қолында» деп, жыл сайынғы жолдауларында өскелең ұрпаққа зор үміт артатынын жасырмай айтып келеді.

              Иә, болашақ білікті жас мамандардың қолында екені анық. Тек саналы, дарынды, білімді жас мамандар ғана Қазақстанды өркениетті елдердің қатарына қосып, мемлекеттің экономикасын аяққа нық тұрғыза алады. Сондықтан да мұндай азаматтарға үкімет тарапынан түрлі қолдаулар көрсетіліп келуде. Білім беру саласында болсын, әлеуметтік-экономикалық, бизнес салаларында болсын, жастарға түрлі жағдайлар жасалған. Жастарға осыншама қамқорлық көрсетіліп жатқанымен бүгінге дейін жас отбасылардың арасында баспана мәселесі әліге дейін толыққанды шешімін таппай отыр. Үкімет түрлі бағдарламаларды қолға алып, жыл сайын мыңдаған шаршы метр тұрғын үйді салып жатқанымен, үйі жоқ жастардың қатары өте баяу сиреп келеді. Бұл ретте, елдегі халық санының да күн санап артып келе жатқанын ескерген жөн.

                Оған қоса жығылғанға жұдырық, құлағанға тепкідей болған «жалдамалы пәтер» бағасының қымбатауы тағы бар.

                Жалпы БАҚ бетінде пәтер туралы сан түрлітүсінік пен көзқарас жетерлік. Ақшаның құнсыздығы, жалақының аздығы, нарықтың қымбаттылығы, енді өз болып келе жатқан жастар үшін оңай дүние емес. Біріне тартса, біріне жетпейтін дүниені керітпектеп жүріп, қаншама уақытын зая кетіріп жатқан жастарды көргеніңде ішің ашиды. Ертеңіне қарауға мұрша жоқ, бүгінінің қарызын жауып қаншама адам,  арман қалада адасып жүр. Айтсын, айтпасын сананы билеген тұрмыс құрсауынан елді, болашақты бүгін шығармасақ, ертең олда бізді құрақ ұшып қарсы алмасы сөзсіз. Бұл сондай бір мысық секілді, қоғам жақсылғын дым көрмедім деген сөз емес. Бар. Аз. Тым аз. Аздық алдыға тартқаны сол, кейінге шегіндіруі тіптен жоғары. Саналап, саралап, сапалап айтатын ішкі ойдың ауыздан шыққандағы көркінің кететіндігі секілді, осы түйіндерге келгендегі істің хәлі тіптен ауыр. Мүшкіл. Көрмесіңе амал жоқ. Ортаң, арқаң, алдың сол. Осы.

                Алматы – баяғыдан бері қазақ квартиранттарының бас қаласы. Еліміз Тәуелсіздік алғалы ендігі қанша жыл өтсе де, әлі сол ғой, әттең-ай… Жарайды. Егер сіз де квартирант болсаңыз, біле жүріңіз. Жалға берілетін ең қымбат пәтер “Самалда”, ең арзаны атақты Сейфуллин көшесінің бойындағы ескі үйлерде. Бұл туралы шындықты біліп, анығына қанғыңыз келсе онда Крыша.кз сайтындағы хабарландыруларды бір шолсаңыз сол жеткілікті.

Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етуде белсенді түрде жұмыс атқарып келе жатқан «Алматы жастары» бағдарламасының аясында, алматылық жастар арасында сауалнама жүргіздік. Нәтижесі келесідей:

 

Жасыңыз : (26 жауап)

ЖССБ өкілдеріне немесе халыққа әлеуметтіккөмек көрсету мекемелеріне қандай ұсынысайтар едіңіз?

 

Жауап:

 

 

    Сауалнама нәтижесінде, қатысқандардың 26,9%-ы бұл бағдарлама туралы мүлде естімегенін жасырмады. Ал қалған 38,5% өмірінде кем дегенде бір рет бұл ипотекалық бағдарламадан хабардар болған болып шықты. 15,4% жас бұрыннан білетінін айтса, сауалнама өтушілердің тағы 15,4%-ы тіпті өз құжаттарын тапсырған да екен. Жалпы алғанда қатысушылардың 42,3%-ы Қазақстандағы ипотекалық жүйені орташа дәрежеде бағаласа, керісінше 26,9% жас «өте нашар» деп есептейді. Қалған 19,2% адам үшін бұл мәселе қанағаттанарлық деңгейде болса, 7,7% жастар өте жақсы деген баға берді. Сауалнамаға қатысқан жастардың 34,6%-ның дәл осы «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша пәтер иесі атанған таныстары болса,керісінше 65,4% жас бұл бағдарламамен үй алған ешкімді танымайтын болып шықты. Ең өкініштісі, әлде һәм қуанатын жәйт па екен, жастарымыздың 84,6%-ы әлі күнге дейін ЖССБ банкінен депозит ашпаған болып шықты. Тек қалған 15,4% адамның ғана өз депозиттері бар.

        Әрине, әркімге өз кезегінде, өз қаласындағы пәтерлердің бағасының неге қымбат екендігін білу қызықтыратын шығар. Олай болса, өзіміздің Алматыда үй жалдаудың қымбатшылығының астарына сүңгіп көрейікші? Алдына арман салып, артынан қуып келген студенттер тұрғын үйді жалға алады. Жатахана жетпеген соң, туыс пен дала қол емес. Қалған адамдар өңірлерде лайықты жалақы мен жұмыс орындарының болмауына байланысты жұмыс іздеп, Алматыға қоныс аударады. Қайтсін енді. Өлмегенге тірі балық табылар.Тұрғын үйді жалдау құны бойынша рейтингте                                                      

Қазақстан 2021 жылдың басында 138 елдің ішінде 107-ші орнын иеленді. Бұл күнде қалалы жерде пәтерді жалға беру бизнесі қызып тұр. Жекеменшік баспанасы бар пәтер қожайындарының есіргені сонша, қазір пәтер жалдаушыларды  «шекесінен шертіп» таңдайтын болған. Пәтер жалдаушы пақырыңның бас-аяғы түгел «тергеледі». Түр-түсі, мінез-құлқы, әдет-ғұрпы, жұмысы мен баласының бар-жоқтығы мұқият тексеруден өтеді. Тіпті, нәсіліне, ұлтына да қарап шіренетіндерін қайтерсің. Бара-бара, пәтер жалдаушының ата-тегін де тергейтіндер шықса, таң қалмаспыз.

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме:

 

1. Керек құжаттарға сілтеме: https://anyk.kz/kk/posts/IPOTEKA/39
 

 

2. "Алматы Жастары" бағдарламасы басталды: ең маңызды сұрақтарға жауап:https://tengrinews.kz/buildings/almatyi-jastaryi-bagdarlamasyi-bastaldyi-en-manyizdyi-431226/
 

3. https://egemen.kz/article/222956-almaty-dgastary-baghdarlamasy-ayasynda-1-000-adam-baspanamen-qamtamasyz-etiledi
 

4. https://forms.gle/N3BsufSKGzfja1Lf6


 



Бөлісу: